
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз. Бұйымның және желілік кабелдің
бүтіндігін тексеріңіз. Электр құралының корпусын дымқыл матамен сүртіңіз.
Резервуарға құю үшін сүзілген немесе үтіктеуге арналған арнайы суды
қолдануға болады. Электр құралын бірінші рет қолданудың алдында резер-
вуарды сумен толтырыңыз және температураны реттеуішті «МАКС» күйіне
орнатып және «Бу соққысы» батырмасын басумен резервуардан барлық
суды буландырыңыз. Бұл бу беру каналын тазалау және оны дайындау
процесі кезінде үтікте қалып қойған барлық ластануларды кетіру үшін
қажетті болады. Резервуарды сумен толтырудың алдында үтіктің электр
желісінен ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Үтіктеуге арналған мата бұйымын бұйымның заттаңбасында көрсетілген
күтім бойынша ұсыныстармен алдынала таныса отырып дайындаңыз, және
соларға сәйкес қажетті температуралық режимді температура реттеуіштің
көмегімен орнатыңыз. Егер заттаңба болмаса, температура реттеуіштің
табанын айналдыра отырып мата типіне байланысты температураны
орнатыңыз:
• синтетика (акрил, вискоз, полиэстер және т.б. ),жібек;
• • жүн;
• • • мақта, зығыр.
Саптама-шөткені электр құралына орнатыңыз. Суға арналған резервуарды
тиісті саңылау арқылы толтырыңыз. Қуат беру баусымын электр желісіне
қосыңыз және температураны реттеуішті қажетті күйге ауыстырыңыз. 1
минуттың ішінде электр құралы қажетті температураға жетеді, осыдан кейін
қызу индикаторы сөнеді. Электр құралы қолдануға дайын. Электр құралы
«Бу соққысы» батырмасымен жабдықталған. Аталған атқарым максималды
температурада тиімді жұмыс істейді. Оны қолдану үшін температураны
реттеуішті «МАКС» күйіне ауыстырыңыз және қызу индикаторының сөнуін
тосыңыз (шамамен 60 секунд). Осыдан кейін «Бу соққысы» батырмасын
басыңыз. Құрал максималды температураға жеткеннен кейін «Бу соққысы»
батырмасын басыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтік қызғанша дейін бу беріді реттеуішті
қолдану ұсынылмайды. Кері жағдайда электр құралының табанында су
тамшыларының пайда болуы мүмкін болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал мата бұйымын үтіктеуге және буландыруға
ғана арналған.
Добавить комментарий