
KAZ
14
14
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
Электр бу шөткесі GALAXY LINE GL6190 (ары қарай мәтін бойынша –
құрал, электр құралы, бұйым) – үтіктеу, ылғалдандыру, тазарту және
зарарсыздандыру атқарымдарын үйлестіруші заманауи көп атқарымдық
электр құралы. Электр құралы киімде немесе ішкі көріністің заттарын-
да қатпарларды абайлап тегістеуге, сонымен бірге матадан жасалған
бұйымдарды булап жібітуге арналған. Табанның күйікке қарсы жабыны,
алынбалы саптама-шөтке, температураны реттеуіш және «Бу соққысы»
атқарымы құралды қоддануда әмбебап етеді.
Өнім Кедендік одақтың келесі техникалық регламенттеріне
сәйкес болады:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы
№768 Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен воль-
тты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық
регламентіне;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879
Шешімімен бекітілген ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың
электромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылдың 18
қазанындағы №113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық
одақтың ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық
регламенті.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық қызметтік мерзімі
ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның
пайдаланылуына әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 Кесте
Параметрдің атауы Мәні
Номиналды кернеу 220-240 В ~
Номиналды жиілік 50 Гц
Номиналды тұтыну қуаты 1100 Вт
Қуат беру баусымының ұзындығы 190 см
Электр тоғымен зақымдалудан қорғаныс класы I
Добавить комментарий