KAZ
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз.
6.2 Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
6.3 Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз.
6.4 Корпусты және жұмыс бетін алдымен дымқыл майлықпен, сосын құрғақ
матамен сүртіңіз.
6.5 Төменгі жұмыс бетін майлаңыз, құралды желіге қосыңыз. Құралды 5 ми-
нуттай қыздырыңыз. Электр құралын желіден ажыратыңыз, оны суытыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші рет қолдану кезінде бөгде иіс пен түтіннің
пайда болуы құрал ақаулығының салдары болып табылмайды.
6.6 Май қалдықтарын майлықпен немесе жұмсақ шүберекпен кетіріңіз.
6.7 Электр құралы қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жалпы жұмыс тәртібі
7.1.1 Электр құралын тегіс орнықты бетке орнатыңыз.
7.1.2 Электр желісі параметрлерінің құралда көрсетілген деректерге
сәйкестігіне көз жеткізе отырып, электр құралын желіге қосыңыз. Желі
индикаторы жанады. Құралдың қызуын тосыңыз.
7.1.3 Қызу индикаторы жанғаннан кейін құрал жұмысқа дайын болады.
7.1.4 Бекіткішті жоғарғы күйге ауыстырыңыз және электр құралын ашыңыз.
7.1.5 Төменгі жұмыс бетін аспаздық жаққышты қолдана отырып, май
жағыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды ашу кезінде тұтқасынан ұстаңыз және
күйіп қалуларды болдырмау үшін әрдайым тұтқыштарды қолданыңыз.
7.1.6 Құралдың төменг жағындағы әрбір ойықтың ортасына қамырдың
аздаған мөлшерін салыңыз. Электр құралының жоғарғы бөлігін босатыңыз.
Шамамен 6-8 минуттан кейін (уақыт болжалды көрсетілген және қамырдың
түріне байланысты болады) жаңғақ түріндегі піспенандардың жартылары
дайын болады. Жұмыс процесінде қызу индикаторы қажетті температураны
қолдай отырып, кезеңдік іске қосылып және сөндіріліп отыратын болады.
7.1.7 Дайындау уақыты аяқталғаннан кейін ағаш немесе арнайы жылуға
төзімді пластик қалақшаны қолданумен құралды ашыңыз, піспенанды
шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс бетінің бүлінуін болдырмау үшін, печеньені
электр құралынан алу кезінде өткір және металл заттарды қолданбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек піспенандарды пісіруге ғана арналған!
Добавить комментарий