KAZ
16
16
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Кофе және шай қайнатуға арналған шәйнек GALAXY LINE GL0341 (бұдан
әрі мәтін бойынша – шәйнек, құрал, электр құралы, бұйым) - ыстық су-
сындарды дайындау үшін таптырмас құрал. 3 қыздыру режимі және тем-
ператураны қолмен орнату суды қажетті температураға дейін қыздыруға
және шайдың әртүрлі сұрыптарын қайнатуға мүмкіндік береді. Жылыту
және температураны ұстап тұру функциясы пайдаланудың ыңғайлылығын
қамтамасыз етеді. Шәйнектің конструкциясы «пуровер» және «кемекс»
құйғыштарында кофе қайнату үшін жақсы жарайды, шүмектің пішіні суды
дұрыс және біртіндеп құйып, сусынның барлық қасиеттерін ашуға мүмкін-
дік береді. Қайнау және су жоқ кезде автоажыратылу атқарымы құралды
қауіпсіз пайдаланумен қамтамасыз етеді.
Өнім Кедендік одақтың келесі техникалық регламенттеріне
сәйкес болады:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы №768
Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтар-
дың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879
Шешімімен бекітілген ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электро-
магниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламентіне. Еура-
зиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылдың 18 қазанындағы
№113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО ТР
037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті
заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық регламенті.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық қызметтік мерзімі
ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның
пайдаланылуына әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 кесте
Параметрдің атауы Мәні
Номиналды кернеу 220-240 В ~
Номиналды жиілік 50 Гц
Қуаты 1100 Вт
Шəйнек көлемі 1 л
Қуат беру баусымының ұзындығы 72 см
Корпус материалы
AISI 304 тот баспай-
тын болаттан
Шүмек диаметрі 8 мм
Электр тоғымен зақымдалудан қорғаныс класы I
Добавить комментарий