Centek CT-1715

Данная инструкция на русском языке предназначена для холодильника Centek CT-1715, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для холодильника представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
7
2. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
-Тоңазытқыш - 1 дана
-Пайдалану нұсқаулары - 1 дана
-Тамшы науасы - 1 дана
-Шыны сөре - 2 дана
-Көкөністер мен жемістерге арналған ыдыс - 1 дана
-Мұз науасы - 1 дана
-Жұмыртқа науасы - 1 дана
1. Мұздатқыш камера
2. Негізгі сөрелер
3. Көкөністер мен жемістерге арналған ыдыс
4. Реттелетін аяқтар
5. Температура реттегіші
6. Есік сөрелері
7. Есік
3. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Құралды тасымалдау немесе алып жүру кезінде оны астынан ұстаңыз және тік күйінде алып жүріңіз. Тоңазытқышты 45°-тан артық еңкейтуге болмайды.
Ешқашан оны төңкеріп қоймаңыз. Құралды қырынан немесе шалқайтып қоймаңыз. Егер ол қырынан, шалқайтып немесе еңкейтіп қойылған болса, құралды
тасымалдауға болмайды. Тасымалдау кезінде есігін тіреу ретінде пайдаланбаңыз. Бұл құралды істен шығаруы мүмкін. Тоңазытқыштың екі артқы табаны
роликтермен жабдықталған. Асүйде жылжыту және құралды орнына дәл орнату үшін тоңазытқышты артқа қарай сәл қиғаштап, жылжытыңыз. Тоңазытқыштың
алдыңғы екі табанының биіктігін реттеуге болады. Құралды дәл орналастыру үшін, алдыңғы табандарын солға немесе оңға құрал еденде қозғалмайтындай
етіп бұраңыз. Салқындатқыш агенттің тасымалданғаннан кейін дұрыс таралғанына сенімді болу үшін тоңазытқышты тасымалдағаннан және орнатқаннан
кейін, оны электр желісіне қоспас бұрын үш сағаттай күтіңіз бұл тоңазытқыш дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет.
4. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Дұрыс орнату тоңазытқыштың сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет. Тоңазытқышты астынан ұстап көтеру қажет. Есігінен немесе
тұтқасынан тартпаңыз. Өндірушінің кепілдігі қайта орнатылып қойылған кезде бүлінген есікке берілмейді. Мұндай жағдайларға байланысты жөндеу иесінің
есебінен жүзеге асырылады.
ЕСІКТЕРДІ ҚАЙТА ІЛУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есіктерді ауыстырып ілу рәсімін орындау үшін білікті маманға жүгіну ұсынылады.
Егер сіз тоңазытқыштың есігін өз бетіңізбен қайта орнатуды шешсеңіз, осы нұсқаулықтың төменде көрсетілген нұсқауларын
назарға алыңыз.
Қажетті құрал-саймандар: айқыш бұрағыш, жалпақ бұрағыш, алтықырлы кілт.
1. Тоңазытқышты электр желісінен ажыратыңыз.
2. Тоңазытқыш бөлігінен барлық өнімдерді алыңыз.
3. Тоңазытқыштың жоғарғы жағында орналасқан пластик қапсырманы бұрап алыңыз.
4. Тоңазытқыштың жоғарғы және төменгі ілмектерін бұрап алыңыз, содан кейін есігін абайлап алыңыз.
5. Төменгі ілмекті қарама-қарсы жағына бұрап тағыңыз, тоңазытқыштың есігін орнатыңыз және жоғарғы ілмекті шуруп-
тармен бекітіңіз.
6. Пластик төсемені тоңазытқыштың жоғарғы ілмегіне бұраңыз.
7. Есіктің дұрыс орнатылғанына және тығыздағыштардың барлық жағынан жабылғанына көз жеткізіңіз.
8. Тоңазытқыштың орнықты болуын қамтамасыз ету үшін табанының биіктігін реттеңіз.
ЖЕЛДЕТУ
Жұмыс барысында тоңазытқыштың компрессоры мен конденсаторы қызады, сондықтан құралды жеткілікті желдетуді
қамтамасыз ету қажет.
-Тоңазытқыш ылғалдылығы қалыпты, жақсы желдетілетін үй-жайда орнатылуы тиіс. Тоңазытқышты ылғалдылығы жоғары үй-жайларда, мысалы, жуынатын
бөлмелерде, жертөлелерде орнатуға тыйым салынады.
-Орнату кезінде ауа еркін айналып тұруы үшін құралдың екі жағынан кем дегенде 3-5 см және үстінен 10 см саңылау қалуын қамтамасыз етіңіз. Құралдың
артындағы ауа айналымын жауып тастамаңыз.
-Жылу көздеріне жақын орналастырмаңыз.
-Тоңазытқышты күн сәулесінің тікелей әсеріне ұрындыруға немесе жылу көздерінің (ас үй плиталары, духовкалар, каминдер) қасына орнатуға болмайды.
ТЕГІСТЕУ
Тоңазытқыш тиімді жұмыс істеуі үшін оның еден бетіне тегіс орналасуы маңызды. Тоңазытқышты тиісті орнына орнатқаннан кейін, оның алдыңғы жағындағы
қажетті қалпын реттеу тіректерін бұрап реттеңіз. Тоңазытқыштың артқа қарай көлбеулігі 5°-тан аспауы тиіс.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Тоңазытқыш электр тогынан қорғалу дәрежесі жөнінен 1-класқа сәйкес келеді және жерге қосқыш түйіспесі бар екі полюсті розетканың көмегімен электр
желісіне қосылады.
Электр желісіне қосар алдында келесілерге көз жеткізіңіз:
-желі кернеуі тоңазытқыштың артқы жағында арнайы тақтада көрсетілген деректерге сәйкес келетініне;
-электр розеткасының жерге қосқыш түйіспесі электр желісінің қуат беру кабелінің жерге қосқыш сымымен жалғанғанына (жалғағыш сым 10 A кем емес
токқа есептелуі тиіс);
1
2
3
4
5
6
7
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Холодильники Centek