
7
Энергия тұтыну класы А+
Суытқыш агент R600 (80 г) R600 (90 г)
Таза салмағы, кг 50 54,5
Өлшемі (е/т/б), мм 1255
745
825
1416
750
825
3. ЖИЫНТЫҚТАЛУЫ
-Ларь типті мұздатқыш - 1 дана
-Азық-түлік сақтауға арналған себет - 4 дана
-Мұз қырнауыш - 1 дана
-Пайдаланушыға арналған нұсқаулық - 1 дана
4. ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. Есік тұтқасы
2. Азық-түлік сақтауға арналған себет
3. Қуат беру сымы
4. Тор
5. Басқару панелі
6. Ларьдың сырты
7. Дренажды саңылау
5. ҚҰРАЛДЫ ОРНАТУ
-Тасымалдау кезінде құралдың тегіс жерге қойылуы қамтамасыз
етілуі тиіс. Құралды аудармаңыз. Құрал 450 бұрышынан артық
еңкейтілмеуі тиіс.
-Бұл құралды қуыстарға кіргізуге немесе орнатуға болмайды.
-Құралды температурасы мен ылғалдылығы тым жоғары бөлме-
лерге орнатпаңыз.
-Мұздатқыш камераның артқы және бүйірлік жақтарының ара-
лығына кем дегенде 10 см саңылау қалдырыңыз, бұл ауаның
циркуляциясына мүмкіндік береді.
-Құралды тіке түсетін күн көзінен және жылу көздерінен
қорғалған орынға орнатыңыз. Тіке түсетін күн көздері оның
акрил қабығын бұзады, ал жылу салдарынан электр энерги-
ясын көп тұтына бастайды. Қоршаған орта температурасының
өте төмен болуы да құралдың дұрыс жұмыс жасамауына алып
келеді.
-Құралды розеткаға қосқаннан кейін азық-түлікті орналастыр-
мас бұрын, ол 2-3 сағаттай салқындап тұруы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғыны жылытылмаған бөлмеде -15 °С
температурада пайдалануға болады.
6. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ
-Аспаптағы температура оң жақтағы төменгі бұрышта орна-
ласқан басқару панелінің (5) көмегімен реттеледі.
-Басқару панелі жасыл және қызыл түсті екі индикатор түрінде
жасалған. POWER индикаторы (жасыл түсті) аспаптың желіге
қосулы екенін білдіреді. RUN индикаторы (қызыл түсті) компрес-
сордың жұмысын көрсетеді.
-Белгіленген температура термостаттың тұтқасымен реттеледі. 1,
2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сандары нақты температураны білдірмейді, сан-
дар қаншалықты төмен болса, температура соншалықты жоғары
болады және керісінше.
-1-2-3 аралығы салқындатуды білдіреді (температура 0 °С - 10
°С). Аспап тоңазытқыш секілді жұмыс жасайды.
-4-5-6-7-8 аралығы (SUPER) мұздатуды білдіреді (температура
-12 °С - (-24 °C)). Аспап мұздатқыш ларь секілді жұмыс жасайды.
-SUPER қалпына бұру кезінде аспап тез мұздату режиміне көшеді
және сіз тұтқаны басқа қалыпқа бұрғанға дейін компрессор
тоқтамайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
-Егер құрал айырулы болса, қайта қоспастан бұрын 3-5 минуттай
күту қажет.
-Егер құралды аталған интервалды сақтамай қосатын болсаңыз,
қуаттандыру элементтері мен компрессоры бұзылуы мүмкін.
-Мұздатқышқа шамадан тыс көп тамақ салынғанда, дұрыс
салқындатпауы мүмкін.
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН САҚТАУ
-Тамақты мұздатқан кезде термостат тұтқасы мұздатқышта та-
мақ салынғанға дейін ларь камерасында ең кіші температураны
орнықтыру үшін 2-3 сағаттай ең жоғары күйіне келтіріледі.
-Осы уақыт өткеннен кейін ауыстырғыш ең жоғарғы күйінен ор-
таңғы қалыпқа келтіріледі.
-Ларь қақпағын жиі аша беруге, сондай-ақ лаь есігін ұзақ
уақытқа ашық қалдыруға болмайды.
-Мұздату камерасының бөлігі қатырылған тамақ өнімдерін ұзақ
уақыт сақтауға арналған Өнімдерді сақтау мерзімі үш айға
дейін
-Барлық өнімдердің сақтау мерзімі әртүрлі, оларды мерзімінен
асыра сақтауға болмайды Мұздатқыш камераны еріткен кезде
қатырылған өнімдерді сақтау жөніндегі ұсынбаларды сақтау
керек.
-Коммерциялық қаптамасы бар қатырылған өнімдер өндірушінің
нұсқаулықтарына сәйкес сақталуы тиіс.
-Қатырылған өнімдерді мұздатқыш камераға сатып алынғаннан
кейін дереу орналастырыңыз Өндірушінің қаптамасында көр-
сетілген сақтау нұсқауларын ұстаныңыз.
-Тамақ өнімдерін сақтау себеті стандартты емес пішінді тамақ
өнімдерін сақтауға арналған Мұздатқыш камерадағы өзге өнім-
дерді алу үшін себетті жанға қарай ысырыңыз немесе көтеріңіз.
-Ларьға ыстық және жылы, шыны ыдыстағы сұйық тамақты,
шөлмектер мен банкалардағы салқын сусындар мен сұй-
ықтықтарды сақтауға болмайды.
ЕРІТУ
Тиімді жұмыс істеуі және энергияны аз тұтынуы үшін мұз қалың-
дығы 5-10 мм жеткенде ларьді ерітіп тұру керек Қатырылған өнім-
дер азайған кезде еріту уақытын таңдаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Еріту үшін қайнап тұрған суды пайдаланбаңыз, бұл пластик тетік-
терді бүлдіруі мүмкін.
Мұзды еріту үшін үшкір заттарды пайдаланбаңыз, өйткені олар
құралды бүлдіруі мүмкін.
Тазалау процесінде құрамында хлоры және қышқылы бар құрал-
дарды пайдаланбаңыз.
-Ларьді электр желісінен ажыратыңыз
-Ларьдағы бүкіл тамақты шығарыңыз.
-Корпусының ішкі бөлігінде түбінде орналасқан дренаж жүй-
есінің тығынын ашыңыз.
-Ағызу тесігінің астына еріген суды жинау үшін ыдыс қойыңыз.
-Ларь есігін ашық қалдырыңыз.
Добавить комментарий