Centek CT-1743

Данная инструкция на русском языке предназначена для холодильника Centek CT-1743, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для холодильника представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
7
Қуат беру бауы зақымдалған жағдайда, оны авторизацияланған сервис
орталығы ұсынатын баумен немесе жиынтықпен ауыстыру керек. Кабельді
ауыстыруды тек білікті персонал жүргізуі тиіс. Құралды жарамды қорғау
құрылғысы (автоматты ажыратқыштар, балқитын сақтандырғыштар және
т.б.) бар электр желісіне қосыңыз.
Тоңазытқыштың ішкі салқындатқыш жақтауларын ұстамаңыз.
Тазалау немесе қызмет көрсету үшін кез-келген операцияларды орын-
дамас бұрын тоңазытқышты желіден ажыратыңыз. Электр қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін термореттегіш тұтқасын «ӨШІРУ» қалпына келтіру
жеткіліксіз.
Тоңазытқыш конструкциясын өзгертуге және өндіруші кепілді жөндеуге
өкілеттік бермеген тұлғалардың араласуына тыйым салынады.
Егер өндіруші мұны ұсынбаған болса, тамақ өнімдерін сақтауға арналған
бөлім ішінде электр құралдарын пайдаланбаңыз.
Тоңазытқыштың ішінде жанғыш газдарды немесе сұйықтықтарды
сақтамаңыз.
Мұздатқыш камерада шыны шөлмектер мен ішіне сұйықтық құйылған
құтыларды сақтамаңыз.
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНБАЛАР
Электр қуатын берудің бір тізбегіне тым көп құралдар жалғамаңыз, өйткені
тұтануы мүмкін.
Егер сіз құралды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оның желілік
ашасын розеткадан ажыратып қойыңыз.
Төмен температуралы бөлімдердің ішкі қабырғаларын немесе онда жатқан
өнімдерді дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Төмен температуралы бөлімге шөлмектер немесе өзге шыны ыдыстарды
қоймаңыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Бұйымды тасымалдау немесе алып жүру кезінде оны астынан ұстаңыз және
тік күйінде алып жүріңіз. Тоңазытқышты 45°-тан артық еңкейтуге болмайды.
Ешқашан оны төңкеріп қоймаңыз. Бұйымды қырынан немесе шалқайтып
қоймаңыз. Егер ол қырынан, шалқайтып немесе еңкейтіп қойылған бол-
са, оны тасымалдауға болмайды. Тасымалдау кезінде есігін тіреу ретінде
пайдаланбаңыз. Бұл бұйымды істен шығаруы мүмкін. Асүйде жылжыту және
бұйымды орнына дәл орнату үшін тоңазытқышты артқа қарай сәл шалқайтып
барып, жылжытыңыз. Тоңазытқыштың алдыңғы екі аяғының биіктігін реттеуге
болады. Бұйымды дәл орнықтыру үшін, алдыңғы аяқтарын солға немесе оңға
бұйым еденде қозғалмайтындай етіп бұраңыз.
ЕСКЕРТУ!
Тоңазытқышта салқындату салқындатқыш агенттің көмегімен қамтамасыз
етіледі, ол тоңазытқышқа арнайы жабдықпен құйылады. Тоңазытқыштың
артқы жақтауындағы салқындатқыш агенттің циркуляциялық тұрбаларын
зақымдамаңыз.
Бұл бұйымда аз мөлшердегі табиғи газ - изобутаннан тұратын салқындатқыш
агент бар, ол қоршаған орта үшін зиянды емес, алайда тұтанғыш болып та-
былады. Тоңазытқышты тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш
агенттің айналу контурының қандай да бір бөлігін зақымдап алмау үшін,
абай болу қажет.
Тұрбадан шыққан салқындатқыш агент тұтануы немесе денсаулығыңызға
нұқсан келтіруі мүмкін. Егер салқындатқыш агент контуры бүлінген болса,
кезкелген түрдегі ашық от немесе ықтимал тұтану көздеріне сақ болыңыз,
сонымен бірге тоңазытқыш тұрған бөлмені бірнеше минуттай желдетіп
алыңыз.
Салқындатқыш агент төгілген жағдайда газ бен ауаның жарылыс қаупі
бар қоспасы түзілмес үшін, тоңазытқыш тұрған бөлменің өлшемдері
тоңазытқышта пайдаланылатын салқындатқыш агенттің мөлшеріне сәйкес
келуі қажет.
Бөлме көлемі тоңазытқыштағы R600a салқындатқыш агентінің әр 8 грамы-
на 1 м3 құрауы тиіс. Сіздің тоңазытқышыңыздағы салқындатқыш агенттің
мөлшері тоңазытқыштың артқы жақтауындағы паспорттық деректері бар
тақтайшада көрсетілген.
Бүліну белгілері байқалған құралды ешқашан қоспаңыз. Егер құралдың
жарамдылығына күмәніңіз туындаса, сервистік қызметке жүгініңіз.
2. ЖИЫНТЫҚТАМАСЫ
Тоңазытқыш - 1 дана
Тоңазытқыш камераның шыны сөрелері: СТ-1742, СТ-1744 - 3 д.,
СТ-1743, СТ-1745 - 2 д.
Тоңазытқыш камера жәшігі: СТ-1742, СТ-1744 - 3 д.,
СТ-1743, СТ-1745 - 2 д.
Мұздатқыш камера жәшігі - 6 дана
Есік сөрелері - 6 дана
Жұмыртқа салатын бөлік: СТ-1742, СТ-1744 - 2 д., СТ-1743, СТ-1745 - 1 д.
Мұз қатыратын қалып - 1 дана
Есік ілмегіне арналған қабат - 2 дана
Пайдаланушы нұсқаулығы – 1 дана
3. БҰЙЫМНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
ECO Fast
cooling
Fast
freezing
Fridge
Frieezer
Function
OK
3s to unlock
Vegetables
Fruit
Chill
Care+
СТ-1742, СТ-1744 СТ-1743, СТ-1745
11
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
23
33
66
4
4
4
4
4 4
4 4
4 4 4 4
5
5
5
5
5
7
8
9
10
11
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Холодильники Centek