
Қазақ | 41
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
uҚолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
uЭлектр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Тегістегіш үшін қауіпсіздік нұсқаулары
uЭлектр құралын тек құрғақ ажарлау үшін
пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол
электр тоғының соғу қауіпін арттырады.
uӨрт қауібі бар! Ажарланатын материалды немесе
ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз.
Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын
тазартыңыз, босатыңыз. Шаң қабындағы,
микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы
(немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі)
металлды ажарлауда болатын ұшқындар жануы, өрт
тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан
қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы,
ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса
жоғары қауіп тудырады.
uЭлектр құралыңыздың желдеткіш саңылауын
жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы
құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып
электр қаупін тудыруы мүмкін.
uДайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы ағаш, пластик, метал және сылағыш және
лакталған беттерді құрғақ тегістеуге және жылтыратуға
арналған. Әсіресе профильдер, бұрыштар немесе қол
жетімділігі қиын жерлерге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Тербелістер санын алдын ала таңдауға арналған
реттегіш дөңгелек
(2) Ажыратқыш
(3) Сүзгіш элемент (микросүзгі жүйесі)
(4) Бүтін шаң қорабы (микросүзгі жүйесі)
(5) Желдету саңылаулары
(6) Ажарлағыш пластинаны құлыптан босатуға
арналған SDS ысырмасы
(7) Ажарлағыш пластина, алдыңғы
(8) Ажарлағыш пластина, артқы
(9) Ажарлағыш пластина, тікбұрышты
(10) Тұтқа (беті оқшауланған)
(11) Үрлеп шығару келте құбыры
(12) Сорғыш шлангa)
(13) Сору адаптеріa)
(14) Ажарлағыш дискa)
(15) Пластиналы ажарлау саптамасыa)
(16) Ажарлау тіліне арналған ажарлағыш дискa)
(17) Ажарлау тілі, жалпақa)
(18) Ажарлау тілі, сопақa)
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Мультитегістеуіш PSM 200 AES
Өнім нөмірі 3603CB60..
Номиналды тұтынылатын
қуат Вт 200
Тербелістер санын алдын
ала таңдау ●
Бос жүріс күйіндегі айналу
жиілігі мин−1 3000–13000
Бос жүріс күйіндегі
тербеліс саны мин−1 6000–26000
Тербелу контурының
диаметрі мм 1,8
Ажарлағыш дискінің
жазықтығы см2104
Тікбұрышты ажарлағыш
дискінің жазықтығы см2164
Салмағы EPTA-Procedure
01:2014
құжатына сай
кг 1,4
Қорғаныс класы /II
Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу
және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Bosch Power Tools 1 609 92A 68W | (16.03.2021)
Добавить комментарий