
72 | Қазақ
Электр құралы алмасты кескіш дискінің аймағында қатты
қызады. Сондықтан оны екі кесу әрекетінің арасында
салқындатыңыз.
uПлиткаларды тек құрғақ күйде және тек
шаңсорғышпен бірге аралауға рұқсат етіледі.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Жасырын кесіктер (D суретін қараңыз)
Тірек тақтасындағы белгілер дайындамадағы
максималды кесік тереңдігіндегі кесік қырларын
көрсетеді.
– Тірек тақтасын (3) жұмыс жазықтығына орнатыңыз.
Тірек тақтасындағы артқы белгі кесік сызығының
басына сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
– Электр құралын іске қосып, ара дискісі (14) жұмыс
жылдамдығына жеткенше күтіңіз.
– Ара дискісін (14) дайындамаға баяу батырыңыз.
Жылдам батыру кезінде кері соққы пайда болуы
мүмкін. Электр құралын кесік сызығы жағалай
басқарыңыз. Электр құралын артқа тартпаңыз!
– Кесік сығына жеткеннен кейін электр құралын
дайындамадан көтеріп, бірнеше секунд өшірмеңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Кесік белгісі (E суретін қараңыз)
Алға ашылатын "CutControl" терезесі (7) электр құралын
дайындамаға сызылған кесік сызығымен дәл басқаруға
арналған.
Кесік белгісі (19) тік бұрышпен кесу кезіндегі алмалы-
салмалы аспап күйін көрсетеді.
Дұрыс кесу үшін электр құралын суретте көрсетілгендей
етіп дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесік жасап көріңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЖақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Қорғаныш қаптамасы (6) әрқашан еркін қозғалуы және
жабылуы керек. Сондықтан қорғаныш қаптама
айналасын әрқашан таза ұстаңыз. Сығымдалған ауамен
үрлеу арқылы немесе қылшақ көмегімен шаңды және
жоңқаны тазартыңыз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін қысқыш құралдарды
бөлшектеп, барлық қысқыш бөліктер мен қорғаныш
қаптаманы тазалаңыз.
Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
1 609 92A 66U | (22.12.2020) Bosch Power Tools
Добавить комментарий