Bosch PKS 16 Multi

Данная инструкция на русском языке предназначена для пилы Bosch PKS 16 Multi, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для пилы представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
Қазақ | 71
Сыртқы сорғыш (E суретін қараңыз)
Сору адаптерін (9) жоңқа шығаруға арналған келте
құбырға (20) енгізіп, сору адаптерін (9) көрсеткі
бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Сорғыш шлангіні (17) (керек-жарақ) сору адаптеріне (9)
жалғаңыз. Сорғыш шлангіні (17) шаңсорғышқа (керек-
жарақ) жалғаңыз. Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі
шаңсорғыштарға жалғау әдістері көрсетілген.
Электр құралын қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден жалғауға болады. Ол электр құралы
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (B суретін қараңыз)
uАралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Кесік тереңдігін реттеу бұрандасын (8) бағытымен
босатыңыз.
Жылжыманың (5) көмегімен қалаулы кесік тереңдігін
(материал қалындығы + алмалы-салмалы аспап тістерінің
биіктігі) кесік тереңдігі шкаласында орнатыңыз.
Кесік тереңдігін реттеу бұрандасын (8) айналу
бағытымен тартыңыз.
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру (C суретін қараңыз)
Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
пернесін (1) басып кейін қосқыш/өшіргішті (2) басып
ұстап тұрыңыз.
Іске қосылудан қорғайтын құлып (1) басылғанда батыру
құралы босатылып, электр құралын төмен итеруге
болады. Осылайша алмалы-салмалы аспап дайындамаға
орнығады. Көтерген кезде электр құралы бастапқы
қалпына түсіп, батыру құралы қайтадан құлыптанады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (2)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Ара дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сонан соң бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты болады.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады. Жоңқа шығаруға арналған келте құбыр (20)
бітелуі мүмкін.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Пластикті аралау
Нұсқау: синтетикалық материалдарды, әсіресе ПВХ-ны
аралау кезінде электрстатикалық зарядты шығаруы
мүмкін ұзын серіппелі жоңқа пайда болады. Жоңқа
шығаруға арналған келте құбыр (20) бітелуі мүмкін.
Шаңсорғышпен жұмыс істеген жөн.
Электр құралын қосылған күйде дайындамадан жүргізіңіз
және оны жайлап аралаңыз. Содан кейін ара тістері
жабысып қалмауы үшін үзілістерсіз жұмыс істеңіз.
Түсті металдарды аралау
Нұсқау: Түсті металдарға арналған аралау дискісін
пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және
аралау дискісінің сыналануын болдырмайды.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз
және оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз
жұмыс істеңіз.
Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында
бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан
ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің
сыналануын болдырмау және электр құралдың кері
соққысын болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз.
Плиткаларды кесу
uПлиткаларды кесу кезінде материал өндірушісінің
нұсқаулары мен ұсыныстарын орындаңыз.
Алмасты кескіш диск плиткаларды кесуге мақұлданған
болуы керек. Bosch компаниясы арнайы алмасты кескіш
дискілерді ұсынады.
uАлмасты кескіш дискілер жұмыс істеу барысында
қызады, оларға суығанша тимеңіз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 66U | (22.12.2020)
Страницы: Стр: 35
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Пилы Bosch