Bosch PHO 3100

Данная инструкция на русском языке предназначена для рубанка Bosch PHO 3100, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для рубанка представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
Қазақ | 43
орнатуында ол қысу элементінің (11) бекіту
бағыттауышында кедергісіз тұруына және артқы жонғы
табандығының (7) шеткі қырына бағытталғанына көз
жеткізіңіз. Сосын 2 бекіту бұрандасын (12) алты қырлы
дөңгелек кілтпен (14) тартыңыз.
Нұсқау: Пайдалану алдында бекіту бұрандаларының
бекем тұруын тексеріңіз (12). Пышақ басын (10) қолмен
айналдырып жонғы пышағының еш жерде шығып
тұрмауына көз жеткізіңіз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқа шығатын жерді (3) жүйелі түрде тазалаңыз.
Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті
құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
uШығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (C суретін қараңыз)
Жоңқа шығатын жердің екі жағында сорғыш шлангын
(Ø35мм) (15) (керек-жарақтар) орнатуға болады.
Сорғыш шлангты (15) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-
жарақтар). Осы нұсқаулық соңында түрлі
шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Өзіндік сору (C суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (керек-жарақтар)
(16) қосуға болады. Шаң қабының бекіткіштерін
жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға салыңыз
(3). Шаң/жоңқа қабын (16) өз уақытта босатып,
шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.
Реттелетін жоңқа шығуы
Ауыстыру тұтқышымен (6) жоңқа шығатын жерді (3) оңға
немесе солға ауыстыру мүмкін. Ауыстыру тұтқышын (6)
әрдайым соңғы күйде тірелгенше басыңыз. Таңдалған
жоңқа шығу бағытын ауыстыру тұтқышындағы (6)
көрсеткі арқылы көрсетіледі.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
uҚолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан
қорғайтын құлыпты(4) басып, содан кейін
ажыратқышты(5) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты(5) жіберіңіз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты(5) бекітіп
қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде
басып тұру қажет.
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш (2) кесу тереңдігін0–3,1мм
шамасынан кесу тереңдігінің шкаласы (1) бойынша
(шкала бөліктері=0,1 мм) біркелкі реттеуге мүмкіндік
береді.
Сақтайтын башмак (G суретін қараңыз)
Сақтайтын башмак (25) электр құралын дайындама
немесе жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс
істеуден соң қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс істеуде
сақтайтын башмак (25) жоғарыға қисатылып жонғы
етегінің (7) артқы бөлігі босатылады.
Нұсқау: Сақтайтын башмакты (25) шешуге болмайды.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жонғы әдісі (G суретін қараңыз)
Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын
жонғы табандығының (7) алғы бөлігімен дайындамаға
қарай қойыңыз.
uЭлектр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің
үстінен жылжытыңыз.
Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы
табандығын орташа күшпен басыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 8KT | (09.02.2023)
Страницы: Стр: 22
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Рубанки Bosch