
42 | Қазақ
(4) Қосқыш/өшіргішті блокадалау
(5) Қосқыш/өшіргіш
(6) Жоңқа шығатын жер бағытын ауыстыру тұтқышы
(7) Жонғы табандығы
(8) V-ойықтары
(9) Тұтқа (беті оқшауландырылған)
(10) Пышақ басы
(11) Жонғы пышағын қысқыш элемент
(12) Жонғы пышағын бекіту бұрандасы
(13) HM/TC-жонғы пышағы
(14) Алты қырлы дөңгелек кілт
(15) Сору шлангы (35 мм) a)
(16) Шаң/жоңқа қабы a)
(17) Бағыттайтын планка
(18) Ойық ені шкаласы
(19) Ойық енін реттейтін сомын
(20) Параллельдік/бұрыштық панель үшін бекіткіш
бұрандама
(21) Бұрыштық панель a)
(22) Бұрышты реттеу үшін бекіткіш сомын a)
(23) Ою тереңдігі планкасы үшін бекіткіш бұрандама a)
(24) Ою тереңдігінің планкасы a)
(25) Сақтайтын башмак
a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар
стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды.
Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар
бағдарламасынан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Жонғы PHO 3100
Өнім нөмірі 3603B71...
Номиналды тұтынылатын қуат Вт 750
Шығыс қуат Вт 420
Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин-1 16500
Кесу тереңдігі мм 0–3,1
Ойық тереңдігі мм 0–9
Макс. жонғы ені мм 82
Салмағы EPTA-Procedure
01:2014 құжатына сай кг 2,6
Қорғаныс класы /II
Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу
және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN62841‑2‑14 бойынша есептелген шуыл
эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 90дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 101дБ(А). K
дәлсіздігі = 3дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841‑2‑14 бойынша
есептелген:
ah = 2,3 м/с2, K = 1,5 м/с2.
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
uЖонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқалық HM/TC-жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Жонғы пышағы қатты металдан (HM/TC) жасалған, 2 жүзі
бар, аударылған болуы мүмкін. Егер кесу қырлары
өтпейтін болса жонғы пышағын (13) алмастыру қажет.
HM/TC-жонғы пышағын қайрау мүмкін емес.
Жонғы пышағын шешу (A суретін қараңыз)
Жонғы пышағын (13) аудару немесе алмастыру үшін
пышақ басын (10) жонғы табандығына (7) параллель
болғанша айналдырыңыз.
➊ 2 бекіту бұрандасын (12) алты қырлы дөңгбек кілтпен
(14) шам. 1 – 2 айналымға босатыңыз.
➋ Қажет болса қысу элементін (11) ағаш сынасы сияқты
сәйкес құралмен жай қағып босатыңыз.
➌ Ағаш құралмен жонғы пышағын (13) пышақ басынан
(10) шетке шығарыңыз.
Жонғы пышағын орнату (B суретін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса қысу элементінде (11) пышақ орны мен
жонғы пышағын (13) тазалаңыз. Жонғы пышағын
1 609 92A 8KT | (09.02.2023) Bosch Power Tools
Добавить комментарий