Bosch PHO 1500

Данная инструкция на русском языке предназначена для рубанка Bosch PHO 1500, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для рубанка представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
44 | Қазақ
айналдырып жонғы пышағының еш жерде шығып
тұрмауына көз жеткізіңіз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Жоңқа шығатын жерді (1) жүйелі түрде тазалаңыз.
Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті
құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
uШығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (C суретін қараңыз)
Жоңқа шығатын жердің екі жағында (PHO 2000) немесе
бір жағында (PHO 1500) сорғыш шлангіні (Ø35мм) (16)
(керек-жарақ) орнатуға болады.
Сорғыш шлангіні (16) шаңсорғышқа (керек-жарақ)
жалғаңыз. Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі
шаңсорғыштарға жалғау әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Өзіндік сору (C суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (керек-жарақтар)
(17) қосуға болады. Шаң қабының бекіткіштерін
жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға салыңыз
(1). Шаң/жоңқа қабын (17) өз уақытта босатып,
шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.
Таңдамалы жоңқа шығатын жер (PHO 2000)
Ауыстыру иінтірегінің (4) көмегімен жоңқа шығатын
жерді (1) оңға немесе солға ауыстырып қосуға болады.
Ауыстыру иінтірегін (4) әрдайым ақырғы күйіне
тірелгенше басыңыз. Таңдалған жоңқа шығару бағыты
ауыстыру иінтірегіндегі (4) көрсеткі белгісі арқылы
көрсетіледі.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш(2) кесу тереңдігін0–1,5мм (PHO
1500) немесе0–2,0мм (PHO 2000) шамасынан кесу
тереңдігінің шкаласы(3) (шкала бөліктері=0,25мм)
бойынша біркелкі реттеуге мүмкіндік береді.
Қосу/өшіру
uҚолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан
қорғайтын құлыпты(5) басып, содан кейін
ажыратқышты(6) басып тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты(6) жіберіңіз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты(6) бекітіп
қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде
басып тұру қажет.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қызмет көрсету станциясы
Қызмет көрсету станциясын жоңғы бекіту аспабы ретінде,
мысалы, пышақты алмастыру кезінде қолдануға болады.
uҚызмет көрсету станциясын жоңғыны үздіксіз
пайдалану үшін пайдаланбаңыз.
Сақтайтын башмак (G суретін қараңыз)
Сақтайтын башмак (26) электр құралын дайындама
немесе жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс
істеуден соң қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс істеуде
сақтайтын башмак (26) жоғарыға қисатылып жонғы
етегінің (9) артқы бөлігі босатылады.
Нұсқау: Сақтайтын башмакты (26) шешуге болмайды.
Жонғы әдісі (G суретін қараңыз)
Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын
жонғы табандығының (9) алғы бөлігімен дайындамаға
қарай қойыңыз.
uЭлектр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің
үстінен жылжытыңыз.
Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы
табандығын орташа күшпен басыңыз.
Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және
максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау
1 609 92A 4K8 | (18.02.2021) Bosch Power Tools
Страницы: Стр: 22
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Рубанки Bosch