
Қазақ | 43
(26) Сақтайтын башмак a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Жонғы PHO 1500 PHO 2000
Өнім нөмірі 3 603 BA4 0.. 3 603 BA4 1..
Номиналды тұтынылатын қуат Вт 550 680
Шығыс қуат Вт 280 400
Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин-1 19500 19500
Кесу тереңдігі мм 0–1,5 0–2,0
Ойық тереңдігі мм 0–8 0–8
Макс. жоңқалау тереңдігі мм 82 82
Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 2,4 2,4
Қорғаныс класы / II / II
Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN62841‑2‑14 бойынша есептелген шуыл
эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 86дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 97дБ(А). K
дәлсіздігі = 3дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық
қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841‑2‑14 бойынша
есептелген:
ah = 4,5 м/с2, K = 1,5 м/с2.
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Монтаждау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
uЖонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқалық HM/TC-жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Жонғы пышағы қатты металдан (HM/TC) жасалған, 2 жүзі
бар, аударылған болуы мүмкін. Егер кесу қырлары
өтпейтін болса жонғы пышағын (14) алмастыру қажет.
HM/TC-жонғы пышағын қайрау мүмкін емес.
Жонғы пышағын шешу (A суретін қараңыз)
Жонғы пышағын (14) аудару немесе алмастыру үшін
пышақ басын (11) жонғы табандығына (9) параллель
болғанша айналдырыңыз.
➊ 2 бекіту бұрандасын (13) алты қырлы дөңгбек кілтпен
(15) шам. 1 – 2 айналымға босатыңыз.
➋ Қажет болса қысу элементін (12) ағаш сынасы сияқты
сәйкес құралмен жай қағып босатыңыз.
➌ Ағаш құралмен жонғы пышағын (14) пышақ басынан
(11) шетке шығарыңыз.
Жонғы пышағын орнату (B суретін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса қысу элементінде (12) пышақ орны мен
жонғы пышағын (14) тазалаңыз. Жонғы пышағын
орнатуында ол қысу элементінің (12) бекіту
бағыттауышында кедергісіз тұруына және артқы жонғы
табандығының (9) шеткі қырына бағытталғанына көз
жеткізіңіз. Сосын 2 бекіту бұрандасын (13) алты қырлы
дөңгелек кілтпен (15) тартыңыз.
Нұсқау: Пайдалану алдында бекіту бұрандаларының
бекем тұруын тексеріңіз (13). Пышақ басын (11) қолмен
Bosch Power Tools 1 609 92A 4K8 | (18.02.2021)
Добавить комментарий