Bosch PBS 75 A

Данная инструкция на русском языке предназначена для шлифовальной машины Bosch PBS 75 A, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для шлифовальной машины представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
Қазақ | 41
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Өзіндік сору шаң қорабымен (A1 - A4 суреттерін
қараңыз)
Шаң қорабын (6) сору құбырына (9) тірелгенше
орнатыңыз. Шаңсорғыш адаптерін (9) үрлегіш штуцерге
(10) салыңыз.
Шаң қорабын (6) босату үшін оны (6) сору адаптерімен
(9) бірге шешіп алыңыз.
Шаң жәшігін (6) ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды
босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға
соққылаңыз.
Шаң жәшігін (6) ұстау ойысынан ұстап, сүзгі элементін
(12) жоғарыға шығарып шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі
элементінің (12) тілімшелерін жұмсақ қылшақпен
тазалаңыз.
Ескертпе: Тегістеу машинасының алу жылдамдығы
жоғары. Оңтайлы шаң соруды қамтамасыз ету үшін
шаңжинағышты (6) 5 жүйелі түрде минут жұмыс істеуден
кейін босатыңыз және сүзу элементін (12) жүйелі түрде
тазалаңыз.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангісін сору құбырына (10) салыңыз.
Сору шлангісін шаңсорғышқа жалғаңыз. Осы
нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Тегістеу таспасын ауыстыру (B–D суреттерін
қараңыз)
Қысу иінтірегін (3) толығымен ашыңыз. Тегістеу
төсемі (2) енді бос және оны алуға болады.
Жаңа тегістеу төсемін (2) салыңыз. Тегістеу таспасы
ішкі жағындағы көрсеткі бағыттары мен электр
құралының корпусындағы көрсеткі бағыттарына
сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Бекіту иінтірегін (3) қайтадан бастапқы күйге бұрыңыз.
Машинаны көтеріңіз және қосыңыз. Қосу кезінде және
тегістеу процесінің барысында төсеменің қозғалысы
автоматты түрде ортаға келтіріледі.
Егер қосудан кейін төсем ортада болмаса, төсемді
қолмен реттеу керек. Бұл үшін алдыңғы роликтегі реттеу
бұрандасын (13) тегістеу таспасы (2) алюминий
корпустан 2-3 мм болатындай етіп бұраңыз (D) суретін
қараңыз. Бұдан кейін таспа орптаға келтірілмесе, тегістеу
таспасын (2) ауыстыру керек.
Тегістеу таспасын таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу таспалары ұсынылады:
Түйіршіктілік
Барлық ағаштық заттектерді өңдеу үшін
40 – 240
Сүргіленбеген брус немесе
тақтайларды алдын ала тегістеу үшін дөрекі 40, 60
Жалпақ тегістеу және аздаған кедір -
бүдірді тегістеу үшін орташа 80, 100,
120
Қатты ағаштарды соңғы және нәзік
тегістеу үшін майда 180, 240
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
uҚолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (5) басып
тұрыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (5) бұғаттау үшін оны басып ұстап
реттеу түймешесін (7) қосымша басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (5)
жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (5) бұғатталған болса оны
алдымен басып сосын жіберіңіз.
Таспа жылдамдығын алдын ала таңдау (PBS 75 AE)
Тегістеу таспасын беру жылдамдығын таңдауға арналған
реттегіш дөңгелек (4) көмегімен жұмыс кезінде таспаның
қажет жылдамдығын таңдауға болады.
Талап етілетін таспа жылдамдығын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ажарлау кезіндегі алу өнімділігі және үстіңгі беттің
сапасы негізінде таңдалған ажарлағыш таспа және алдын
ала таңдалған таспа жылдамдығы (PBS 75 AE) арқылы
анықталады. Таспа жылдамдығы неғұрлым жоғары
Bosch Power Tools 1 609 92A 4D7 | (18.02.2021)
Страницы: Стр: 21
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Шлифмашины Bosch