
Қазақ | 101
uҚұбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты
жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса
жоғары тоқ соғу қауіпі пайда болады.
uЭлектр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда
пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін
жоғарылатады.
uКабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр
құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін
пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және
жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған
немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады.
uЭлектр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай
кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді
пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді.
uЕгер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса,
онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ
желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
uЭлектр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды
бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды
шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен
кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық
ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
uЖеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз
қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ
киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш
жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
кемейтеді.
uКездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе
батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе
тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр
құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы
электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін.
uЭлектр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе
кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған
кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Bosch Power Tools 1 609 92A 8GH | (07.12.2022)
Добавить комментарий