
Қазақ | 109
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (G – H суреттерін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (8) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (8) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (8) оңға тірелгенше
басыңыз.
Пайдалану түрін орнату
Бұрғылау және бұрап кіргізу
Ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
Перфоратормен жұмыс істеу
Ауыстырып-қосқышты (4) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (4) тіреліп, қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (6) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (6) бекіту үшін бекіту түймесін
(5) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (6) жіберіңіз
немесе бекіту түймесімен (5) құлыптанған болса,
ажыратқышты (6) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Айналу жиілігін/соққы санын реттеу
Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Айналу жиілігін/соққы санын алдын ала таңдау
(3601B17103 құрылғы нұсқасында жоқ)
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (7) қажетті айналу жиілігін/соққы санын жұмыс
барысында реттеуге мүмкіндік береді.
Қажетті айналу жиілігі/соққы саны материал мен жұмыс
істеу шарттарына байланысты болады және тәжірибе
арқылы анықталуы мүмкін.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЭлектр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу
керек.
Плиткаларды бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты (4)
"Бұрғылау“ белгісіне орнатыңыз. Плитканы тесіп
өткеннен соң аустырып-аустырып қосышты
„перфоратормен бұрағылау“белгісіне өткізіп соққымен
істеңіз.
Бетон, тас және құрылыста қатты метал бұрғысын
пайдаланыңыз.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы
тиісті сапаға кепілдік береді.
Бұрғы өткірлеу құралымен (керек-жарақ) 2,5–10 мм
диаметрлік спиральді бұрғыны өткірлеуге болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЖақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Bosch Power Tools 1 609 92A 8EH | (07.12.2022)
Добавить комментарий