
Қазақ | 165
және қайтарым немесе дөңгелек сынуының
ықтималдығын арттырады.
uҚолыңызды айналдырылған дөңгелектің бір
сызыққа немесе артына орналастырмаңыз.
Дөңгелек қолыңыздан ары жылжыса, ықтимал
қайтарым айналып тұрған дөңгелек пен электр
құралын денеңізге тікелей жылжытуы мүмкін.
uДөңгелек қысылса, тірелсе немесе кез келген
себептен кесуді тоқтатса, электр құралын өшіріп,
дөңгелек толығымен тоқтағанша электр құралына
тимеңіз. Дөңгелек істеп тұрғанда кесу дөңгелегін
алып қоюға әрекет жасамаңыз, әйтпесе қайтарым
пайда болады. Дөңгелек қысылуының немесе
соғылуының себебін жою үшін себебін іздеп
дұрыстаңыз.
uҚұрал дайындамада тұрғанда электр құралын
қайта қоспаңыз. Кесуді бастамас бұрын,
алдымен·дөңгелекті·толық·айналым санына
жеткізіп алыңыз. Әйтпесе, кескіш диск тұтылып,
дайындамадан көтеріліп кетуі немесе·қері соққыға
әкелуі мүмкін.
uТірек панельдері немесе кез келген тым үлкен
дайындама дөңгелек қысылуы мен қайтарымның
алдын алу үшін. Үлкен дайындамалар өз
ауырлығынан иілуі мүмкін. Дайындама кесу сызығына
жақын жəне дөңгелектің екі жағынан да тірелуі керек.
uБар қабырғаларда кіші кесікті немесе басқа
көрінбейтін аймақтарда орындауда абайлаңыз.
Шығып тұрған дөңгелек газ немесе су құбырларын,
электр сымдарды немесе нысандарды кесуі мүмкін, ал
бұл қайтарымға алып келуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
uТегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
uДайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
uЭлектр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
uАккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
uАккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
uШеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
uБұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
uАбай болыңыз! Электр құралын Bluetooth® бен
пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ
және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында
кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын
тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Электр құралын
Bluetooth® бен медициналық құралдар, жанармай
бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаубі бар
және жарылатын аймақтар жанында
пайдаланбаңыз. Bluetooth® бар электр құралын
ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта
ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері
(логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының
тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып
табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch
Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы
лицензия бойынша жүзеге асады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы металды корунд ажарлау құралымен
ажарлап тегістеуге және ажарлау таспаларымен жұмыс
істеуге, егеуқұм қағазымен ажарлауға және фрезерлеуге
арналған.
Электр құралының деректері мен реттеулерін Bluetooth®
Low Energy Module GCY30-4 пайдаланылған кезде
Bluetooth® радио технологиясы арқылы электр құралы
мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалдауға
болады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Цангалы қысқыш
(2) Қысқыш гайка
(3) Ажарлау шпинделі
(4) Шпиндель мойны (оқшауланған тұтқа беті)
(5) Ажыратқыш
(6) Аккумуляторды босату түймесіa)
Bosch Power Tools 1 609 92A 6DN | (15.06.2021)
Добавить комментарий