
Қазақ | 57
– Қажетті бұрғылау тереңдігіне қол жеткізгеннен кейін
алдымен бұрғыны саңылаудан шығарып, содан кейін
электр құралын өшіріңіз.
– Сүзгіш элементтің(25) күйін жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз. Сүзгіш элемент зақымдалған жағдайда, оны
бірден алмастырыңыз.
Шаңсорғышты алып тастау/орнату (F суретін
қараңыз)
– Шаңсорғышты(15) алып тастау үшін босату
түймесін(11) басып, шаңсорғышты алға қарай тартып
алыңыз.
Ол үшін қажет болса, қосымша тұтқаны(13) бүйірге
қайырып қойыңыз.
– Шаңсорғышты(15) орнату үшін оны бағыттауыш
ойықтарымен(23) электр құралындағы бекіткішке
шерту дыбысымен тірелгенше жылжытыңыз.
Шаң жинағыш қораппен құрылғыда жиналған шаңды
сору (G суретін қараңыз)
Шаң жинағыш қораптың(10) толтыру деңгейін мөлдір
қақпақ(24) арқылы оңай тексеруге болады.
Шаң жинағыш қорапты дер кезінде босатыңыз, әйтпесе
сору қуаты төмендейді.
– Шаң жинағыш қорапты(10) алып тастау үшін екі
босату түймесін(12) басып, шаң жинағыш қорапты
шаңсорғыштан(15) төмен қарай тартып алыңыз.
– Шаң жинағыш қорапты(10) ашпас бұрын оны берік
бетке жай қағу керек, осылайша шаң сүзгіш
элементтен(25) ажыратылады.
– Астыңғы жақтағы қақпақты(24) басып, шаң жинағыш
қорапты босатыңыз.
– Сүзгіш элементте(25) зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз. Зақымдалған болса, оны дереу
алмастырыңыз.
– Қақпақты(24) жауып, шаң жинағыш қорапты астыңғы
жақтан шаңсорғышқа(15) шерту дыбысымен
тірелгенше жылжытыңыз.
Сыртқы сорғыш (H суретін қараңыз)
Шаңсорғышпен шаң сору үшін адаптер қорабы(26)
(керек-жарақ) қажет болады, ол шаң жинағыш
қораптың(10) орнына шаңсорғышқа(15) енгізіледі.
– Шаң жинағыш қорапты(10) алып тастау үшін екі
босату түймесін(12) басып, шаң жинағыш қорапты
шаңсорғыштан(15) төмен қарай тартып алыңыз.
– Адаптер қорабын(26) астыңғы жақтан шаңсорғышқа
шерту дыбысымен тірелгенше жылжытыңыз.
– Сорғыш шлангіні(28) (керек-жарақ) аспирациялық
келте құбырға(27) жалғаңыз. Сорғыш шлангіні(28)
шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз. Осы
нұсқаулықтың соңында әртүрлі шаңсорғыштарға
жалғау әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (I суретінқараңыз)
Тереңдік шектегішімен(29)қажетті X бұрғылау
тереңдігін реттеуге болады.
– SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал
бекіткішіне(2) тірелгенше жылжытыңыз. Кері
жағдайда SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате
бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
– Электр құралын қоспай, жұмыс бетіне тұрақты етіп
орнатыңыз. Бұл ретте SDS plus алмалы-салмалы
аспабы бетке қонуы тиіс.
– Тереңдік шектегішін реттеу түймесін(17) басып,
тереңдік шектегішін(29), суретте көрсетілген X
қашықтығы қажетті бұрғылау тереңдігіне сәйкес
келетіндей етіп жылжытыңыз.
Шаңсорғышты құралдың ұзындығына бейімдеу (J
суретін қараңыз)
Қысқа алмалы-салмалы аспаптармен жайлы жұмыс істеу
үшін шаңсорғыштың (15) ұзындығын бейімдеуге болады.
–(14) түймесін басып тұрып, телескоптық
бағыттауышты(16) шаңсорғыш(15) ішіне, шаң
жинағыш сақина алмалы-салмалы аспаптың ұшына
жақын тұрғанша кіргізіңіз.
– Телескоптық бағыттауышты қайта шығару үшін(14)
түймесін қайта басыңыз.
Бұрғыға арналған шаң жинағыш сақина (K суретін
қараңыз)
– Шаң жинағыш сақинаны(18) алмастыру үшін босату
түймесін(30) басып, шаң жинағыш сақинаны
шаңсорғыштан тартып шығарыңыз.
– Енгізу үшін шаң жинағыш сақинаны(18) жоғарыдан
шаңсорғышқа(15) шерту дыбысымен тірелгенше
кіргізіңіз.
Шеңберлік бұрғылау коронкаларына арналған шаң
жинағыш сақина (L суретін қараңыз)
Шеңберлік бұрғылау коронкаларымен бұрғылау үшін
бұрғыға арналған шаң жинағыш сақинаны(18) арнайы
шаң жинағыш сақинамен(31) (керек-жарақ) ауыстыру
керек. Шеңберлік бұрғылау коронкаларына арналған
шаң жинағыш сақина қолданылған кезде, шаң сору үшін
шаң жинағыш қорапты(10) емес, сыртқы шаңсорғышы
бар адаптер қорабын(26) (керек-жарақ) пайдалану
керек.
– Қажет болса, бұрғыға арналған шаң жинағыш
сақинаны(18) алып тастаңыз.
– Шеңберлік бұрғылау коронкаларына арналған шаң
жинағыш сақинаны(31) енгізу үшін оны жоғарыдан
шаңсорғышқа шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
– Шаң жинағыш сақинаны(31) алып тастау үшін
ысырманы(32) сыртқа басып, шаң жинағыш
сақинаны жоғары қарай тартып алыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 77Z | (24.01.2022)
Добавить комментарий