
54 | Қазақ
Қауіпсіздік техникасының қосымша нұсқаулары
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
uДайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
uЖұмыс аяқталғаннан кейін алмалы-салмалы
аспаптарды немесе іргелес корпус бөлшектерін
бірден ұстамаңыз. Олар жұмыс барысында қатты
қызуы және адамды күйдіруі мүмкін.
uАлмалы-салмалы аспап бұрғылау кезінде
бұғатталуы мүмкін. Тұрақтылық сақтаңыз және
электр құралын екі қолмен берік ұстаңыз. Әйтпесе
электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз
мүмкін.
uҚашаумен бөлшектеу жұмыстарын өткізген кезде
сақ болыңыз. Бөлшектенетін материалдың құлаған
бөліктері айналадағы адамдарға немесе өзіңізге
жарақат тигізуі мүмкін.
uЭлектр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы бетон, кірпіш және тас бойынша соққымен
бұрғылауға арналған. Сондай-ақ ол ағаш, металл,
керамика мен пластмасса бойынша соққысыз бұрғылауға
арналған. Электрондық басқару жүйесі және оңға/солға
айналу мүмкіндігі бар электр құралдары бұрауға да
жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) SDS plus бұрғылау патроны
(2) SDS plus құрал бекіткіші
(3) Шаңнан қорғайтын қаптама
(4) Құлыптау төлкесі
(5) "Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-
қосқышы
(6) "Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-
қосқышының босату түймесі
(7) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(8) Ажыратқышқа арналған бекіту түймесі
(9) Ажыратқыш
(10) Бүтін шаң жинағыш қорап
(11) Шаңсорғышқа арналған босату түймесі
(12) Шаң жинағыш қораптың босату түймесі
(13) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(14) Телескоптық бағыттауышты реттеу түймесі
(15) Шаңсорғыш
(16) Телескоптық бағыттауыш
(17) Тереңдік шектегішін реттеу түймесі
(18) Бұрғыға арналған шаң жинағыш сақина
(19) Тұтқа (беті оқшауланған)
(20) Тісті тоғыны бар бұрғылау патронына арналған
бекіткіш бұрандаa)
(21) Тісті тоғыны бар бұрғылау патроныa)
(22) Бұрғылау патронына арналған SDS plus бекіткіш
білігіa)
(23) Шаңсорғыштың бағыттауыш ойығы
(24) Шаң жинағыш қораптың қақпағы
(25) Сүзгіш элемент (микросүзгі жүйесі)
(26) Сыртқы шаңсорғышқа арналған адаптер
қорабыa)
(27) Аспирациялық келте құбырa)
(28) Сорғыш шлангa)
(29) Тереңдік шектегіші
(30) Шаң жинағыш сақинаның босату түймесі
(31) Шеңберлік бұрғылау коронкаларына арналған
шаң жинағыш сақинаa)
(32) Шаң жинағыш сақинаның ысырмасыa)
(33) SDS plus бекіткіш білігі бар әмбебап ұстағышa)
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Перфоратор GBH 2-23 REA
Өнім нөмірі 3611B505..
Номиналды тұтынылатын
қуат Вт 710
Бос жүріс күйіндегі айналу
жиілігі мин-1 0–1000
Соққы саны мин-1 0–4400
1 609 92A 77Z | (24.01.2022) Bosch Power Tools
Добавить комментарий