
144 | Қазақ
қуаттандыру құралымен ойнамауы
қамтамасыз етілетін болады.
uҚуаттандыру құралын жаңбыр немесе сыз түсе
алмайтын жерлерде сақтаңыз. Қуаттандыру
құралының ішіне су кіруі электр тоғы соғу қауібін
арттырады.
uЗарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы
тоқ соғуы қауіпін туындатады.
uҚуаттандыру құралын және USB кабелін әр
қолдану алдынан тексеріп жүріңіз. Қуаттандыру
құралында зақымданған жерлер бар болса, оны
қолданбаңыз. Қуаттандыру құралын ешқашан
өзіңіз ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарының барлығы
Bosch компаниясының техникалық қызмет көрсету
орталығы арқылы өткізілуі тиіс. Зақымданған
қуаттандыру құралдар мен USB кабельдері электр ток
соққысының қауібін арттырады.
uҚуаттандыру құралын қосулы күйде тез тұтанғыш
үстілердің (мысалы, қағаз, мата және т. б.) үстіне
қойып немесе тұтанғыш ортада пайдаланбаңыз.
Қуаттандыру кезінде қуаттандыру құралының қызуы
себебінен өрт қауібі пайда болады.
uҚұрал зақымданып қалған жағдайда құралдан
булар шығып кете алады. Бұл жағдайда бөлме
ішіне таза ауа кіргізп, шағымдар болса,
медициналық көмек үшін дәрігерге жүгініңіз.
Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін
Белгілер
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну
үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте
сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі
одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады.
Белгі Мағына
Бақ электр бұйымымен жұмыс істеген
уақытта әрқашан қорғау көзәйнегін
және тұрақты және бекем аяқ киімін
киіп жүріңіз.
Электр қуаттандырғышын тек қана
ғимараттар ішінде, құрғақ ортада
қолданыңыз.
Қозғалыс бағыты
Реакция бағыты
Қорғау қолғабын киіп жүріңіз
Белгі Мағына
Салмағы
Іске қосу
Өшіру
Рұқсат етілген қолдану әрекеттер
Рұқсат етілмеген қолдану әрекеттер
Естілетін шуылдар
Құрамдас бөлшектер/қосалқы
бөлшектер
Өнім және қуат сипаттамасы
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен
сақтандырулардың барлығын оқыңыз.
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен
сақтандыруларын ұстанбау не орындамау
электр соққысына, өрт шығуына және/
немесе ауыр жарақаттануға апара алуы мүмкін.
Қолдану нұсқаулығының артқы бөлшегінде берілген
суреттерге назар аударыңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Бақ электр бұйымы түп пен бұтақтар және гүлзарларда
жеңіл кесу жұмыстарын өткізу үшін мақсатталған.
Бейнеленген құрамдас бөлшектер (A суретін
қараңыз)
(1) Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіш
(2) Микро USB ұясының жапқышы
(3) Қосқыш/өшіргіш
(4) Қосқыш/өшіргішті құрсаулау
(5) Жапқыш
(6) Шөп кесу қайшысы үшін қондырма
(7) Бақ қайшысы үшін қондырма
(8) Тұтқа (оқшауланған тұтқа беті)
(9) USB кабеліa)
(10) Қуаттандыру құралыa) (құрал сатылатын елге
байланысты)
(11) Микро USB ұясы
(12) Жапқыш үшін құрсаулаудан шығару түймешігі
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
F 016 L94 120 | (03.12.2020) Bosch Power Tools
Добавить комментарий