
50 | Қазақ
Кесік сызығын бақылау үшін CutControl (10) көрініс
терезесінде шкала (15) бойынша 0° шамасымен
тікбұрышты кесік үшін (9) белгісі және 45° шамасымен
солға түсетін еңіс кесігі үшін (11) белгісі бар.
Кесік белгісі 0° және 45° еңіс бұрышы үшін
пропорциональды болады. Ол CutControl (10) үшін
көрініс терезесінде болуы мүмкін тұрақты емесе
қосымша сызылған белгімен болуы мүмкін болып оны
жою оңай болады.
Діл жұмыс істеу үшін ең жақсысы сынақты кесікті
орындаңыз.
Пайдалануға ендіру
uЖелі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1) басып
тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (1)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (1)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Айналу жиілігін басқару/алдын ала таңдау
Ажыратқышты (1) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналу жиілігін біртіндеп реттеуге
болады. Ажыратқышты (1) жай басқанда, электр құралы
төменірек айналу жиілігімен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде, айналу жиілігі артады.
AdvancedCut50: айналу жиілігін алдын ала таңдауға
арналған реттегіш дөңгелектің(2) көмегімен айналу
жиілігін алдын ала таңдауға болады.
Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс жасау
жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Ара дискісін дайындама үстіне қолданған кезде, айналу
жиілігін төмендетуге кеңес беріледі.
Төмен айналу жиілігімен ұзақ уақыт жұмыс істегенде,
электр құралы қатты қызып кетуі мүмкін. Ара дискісін
шығарып, электр құралын суыту үшін шамамен 3минут
максималды айналу жиілігімен жұмыс істетіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uҚылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
өшіріңіз.
uКіші немесе жұқа дайындамаларды өңдеуде
әрдайым жылжымайтын тіреуішті пайдаланыңыз.
Оңтайлы және дәлме-дәл аралау нәтижесіне қол жеткізу
үшін қатты басып аралаңыз. Қосымша қысым қуатты
көтереді.
Бағыттауыш шинамен аралау (E−Fсуреттерін
қараңыз) (AdvancedCut50)
Бағыттауыш шина арқылы тірек тақтасын кеңейтуге және
тіреуіш бетті үлкейтуге болады.
Бағыттауыш шинаның(24) көмегімен тік кесіктерді
орындауға болады.
Бағыттауыш шинамен(24) жұмыс істеу үшін бағыттауыш
шина адаптерін(22) монтаждау керек. Бағыттауыш шина
адаптерін оң немесе сол жақтан тірек тақтасының(3) төрт
саңылауы арқылы енгізіңіз. Оны құлыптау
иінтірегінің(23) көмегімен бұғаттаңыз.
Бағыттауыш шина араланатын дайындама шетінен
шықпауы тиіс.
Араны алдын ала орнатылған бағыттауыш шина
адаптерімен(22) бағыттауыш шинаға(24) орнатыңыз.
Электр құралын қосып, оны кесік бағытымен азғантай
қысыммен біркелкі жүргізіңіз.
Bosch пластик бағыттауыш шинасының (2609255732)
қысқа ұшымен 45° еңіс кесіктерін жасауға болады.
Батырып аралау (Gсуретін қараңыз)
uБатырып аралау әдісімен тек ағашты өңдеуге
болады!
Батырып аралау әрекетін тек 0° еңіс бұрышымен
орындауға болады.
Электр құралын тірек тақтасының(3) артқы жиегімен,
ара дискісін(8) дайындамаға тигізбей, дайындамаға
қойыңыз және іске қосыңыз. Айналу жиілігін басқару
функциясы бар электр құралдарында максималды айналу
жиілігін таңдаңыз. Электр құралын дайындамаға қарай
нық басып, ара дискісін дайындамаға баяу батырыңыз.
Тірек тақтасы (3) дайындама үстінде толық жанасып
жатқанда, қажетті кесік сызығының бойымен алға ары
қарай аралаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
uЖақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
uАра дискісі мен ара дискісінің патронын тек құрғақ
жолмен тазалаңыз. Тереңірек еніп қалған кірді кетіру
үшін жіңішке қылқаламды қолданыңыз (Hсуретін
қараңыз).
Ара дискісіне қызмет көрсету керегі жоқ. Ара дискісінің
шынжырын майлау керек емес.
Ара дискісінің патронын(16) жүйелі түрде тазалап
тұрыңыз. Ол үшін ара дискісін электр құралынан
шығарып, электр құралын тегіс жерге жай қағыңыз.
1 609 92A 660 | (25.11.2020) Bosch Power Tools
Добавить комментарий