
Қазақ | 49
Ара дискісі патронының қақпағын жауып, оны құлыптау
иінтірегінің көмегімен құлыптап қойыңыз. Құлыптау
иінтірегі екі рет шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
Ара дискісінің шынжыры автоматты түрде керіледі.
Егер жынжыр сырғыса немесе бағыттауыштан босап
кетсе, ара дискісі патронының қақпағын(7) ашып
жабыңыз.
Ара дискісін шығару
Құлыптау иінтірегін(6) ашып, ара дискісі патронының
қаптамасын(7) толықтай жайыңыз. Ара дискісін
шығарып алыңыз.
Жарылудан сақтайтын пластина (Bсуретін
қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина(17) (керек-жарақ)
ағашты аралау кезінде үстіңгі беттің жарылып кетуінен
сақтай алады. Оны 0° кесік бұрышында ғана пайдалануға
болады.
Жарылудан сақтайтын пластинаны(17) монтаждау үшін
ара дискісін(8) енгізу керек.
Жарылудан сақтайтын пластинаны астыңғы жақтан тірек
тақтасына(3) кіргізіңіз. Сонымен қатар жарылудан
сақтайтын пластина монтаждалған (18) немесе
(19)тереңдік шектегішіне немесе шаңсорғыштың
қаптамасына(20) енгізілуі мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластинаны ара дискісінің
шығарылған күйінде де бөлшектеуге болады.
Тереңдік шектегіші (Cсуретін қараңыз)
Тереңдік шектегіші ара дискісінің кесік тереңдігін
өзгертеді. Тереңдік шектегіштерін 0° еңіс бұрышында
ғана пайдалануға болады. (18) (A) және (19) (B)тереңдік
шектегіштерін қалаулы кесік тереңдігіне байланысты
бөлек немесе бірінің үстінен бірі монтаждауға болады.
Қажетті тереңдік шектегішін (A қондырмасы немесе B
қондырмасы) астыңғы жақтан тірек тақтасына(3)
кіргізіңіз.
Аралау кезінде тірек тақтасының(3) артқы шетін
әрдайым араланатын дайындамаға басыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышты жалғау (Dсуретінқараңыз)
Шаң сору әрекетін оңтайландыру үшін қаптаманы(20)
астыңғы жақтан тірек тақтасына(3) кіргізіңіз.
Сорғыш шлангіні (диаметрі35мм, керек-жарақ)
аспирациялық келте құбырға (13) енгізіңіз. Сорғыш
шлангіні шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
uАра дискісін ешқашан майыстырмаңыз!
Пайдалану түрлері
uБарлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Еңіс бұрышын реттеу (AdvancedCut50)
Тірек тақтасын (3) 45° шамасына дейінгі еңіс қадамдары
үшін оңға қайыруға болады.
Жарылудан сақтайтын пластинаны(17), шаңсорғышқа
арналған қаптаманы(20) және (18) және (19)тереңдік
шектегіштерін еңіспен аралау кезінде пайдалану мүмкін
емес. Аталмыш компоненттерді қажет болғанда тірек
тақтасынан алып тастаңыз.
Еңіс бұрышын реттегіш қатпарлы бұранданы(14)
босатыңыз. Электр құралын, шкаладағы(15) қажетті
кесік бұрышы реттелгенше, бүйірінен қайырыңыз.
Қатпарлы бұранданы(14) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Еңіспен аралау кезінде кесік сызығын бақылау
CutControl (AdvancedCut50)
Кесік сызығының бақылауы CutControl электр
құралының дайындамада сызылған кесік сызығы бойы
дәл бағытталуына мүмкіндік береді. CutControl (10)
көріс терезесін кесік белгілерімен және розетка (12)
электр құралын бекіту үшін құрайды.
(14) (10)
(9)
(14) (15) (11)
Bosch Power Tools 1 609 92A 660 | (25.11.2020)
Добавить комментарий