
Қазақ | 125
қорғаныш қолғапты пайдаланыңыз. Ара дискісі ұзақ
уақыт пайдаланылған кезде қызып кетуі мүмкін.
uШынжырды тартпаңыз және шынжырды
бағыттауыштан суырмаңыз.
Әрдайым ара дискісін толықтай жаңа ара дискісіне
алмастырыңыз. Шынжырдың өзін алмастыруға
болмайды.
Аралау дискісін таңдау
Тек өңделетін материалға сайкес келетін ара дискілерін пайдаланыңыз. Ара дискісі қажетті кесіктен ұзын болмауы
керек.
Ара дискісі Кесік тереңдігі Тапсырыс нөмірі Материалдар
NanoBlade Wood Basic 50мм 2 609 256 D83 Сүрек, пластик (ПВХ, ПК, ПММА)
NanoBlade Wood Speed 50мм 2 609 256 D84 Сүрек, пластик (ПВХ, ПК, ПММА)
NanoBlade Wood Speed 65мм 2 609 256 D86 Сүрек, пластик (ПВХ, ПК, ПММА)
Ара дискісін орнату (Aсуретін қараңыз)
uТек таза ара дискісін орнатыңыз. Ара дискісінің
патронында жоңқа мен үгінді болмағанына көз
жеткізіңіз.
Құлыптау иінтірегінің(9) көмегімен ара дискісі
патронының қақпағын(8) ашыңыз. Ара дискісін суретте
көрсетілгендей салыңыз. Жетек білігі және ара дискісінің
шеті ара дискісі патронының(13) ойығына сай
келетіндігіне көз жеткізіңіз. Ара дискісі патронының
қақпағын жауып, оны құлыптау иінтірегінің көмегімен
құлыптап қойыңыз. Құлыптау иінтірегі шерту дыбысымен
тірелуі тиіс.
Ара дискісінің шынжыры автоматты тартылады.
Егер жынжыр сырғыса немесе бағыттауыштан босап
кетсе, ара дискісі патронының қақпағын(8) ашып
жабыңыз.
Ара дискісін шығару
Құлыптау иінтірегін(9) ашып, ара дискісі патронының
қаптамасын(8) толықтай жайыңыз. Ара дискісін
шығарып алыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
uЖұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
uАра дискісін ешқашан майыстырмаңыз!
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Заряталған аккумуляторды (6) аккумулятор бекіткішіне
ол естіліп тіреліп қатты бұғатталғанша жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосу
құлпын(3) оңға немесе солға қарай итеріңіз. Содан кейін
ажыратқышты(4) басып, ұстап тұрыңыз.
Электр құралы іске қосылған соң іске қосу құлпын(3)
жіберуге болады.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4)
жіберіңіз.
Аралау жылдамдығын басқару
Ажыратқышты (4) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының аралау жылдамдығын біртіндеп
реттеуге болады.
Талап етілетін аралау жылдамдығын материал мен жұмыс
жасау жағдайына байланысты болып они тәжірибе
арқылы анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда аралау жылдамдығын
төмендету ұсынылады.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе
аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура
аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Пайдалану нұсқаулары
uАккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 844 | (21.07.2022)
Добавить комментарий