
Қазақ | 123
uЭлектр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
uАралауда тіреу тақтасының тұрақты тұруына көз
жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе
керу соғуға алып келуі мүмкін.
uЖұмысты аяқтағаннан соң электр құралын өшіріп,
ара полотносы тоқтағаннан соң ғана оны кесіктен
шығарыңыз. Осы арқылы кері соғудан сақтанып,
электр құралының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.
uЭлектр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
uБұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз.
Кисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы,
кесікті зақымдауы немесе кері соғуды тудыруы
мүмкін.
uАра полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы
тоқтатпаңыз. Ара полотносының бұзылуы, сынуы
немесе керу соғу себебі болуы мүмкін.
uЭлектр құралын тек тірек тақтасымен бірге
қолданыңыз. Тірек тақтасынсыз жұмыс істеген кезде,
электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылу қаупі
туындайды.
uҚажетті іздеу құралдарын пайдаланып
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
алып келуі мүмкін.
uАккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
uАккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
бар.
uШеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
uБұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
uЭлектр құралын пайдалану кезінде, әсіресе
басқыш немесе саты үстінде тұрып пайдаланған
кезде тұрақты қалыпты сақтаңыз. Сырғанақ табан
немесе тұрақты емес тұру аймақтары теңгерім
жоғалуына немесе электр құралдың бақылауын
жоғалтуға алып келуі мүмкін.
uАра дискісінің шынжыры қатты бүгілгенде
жарылуы мүмкін. Мұндай жағдайда электр
құралын немесе ара дискісін алмастырыңыз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы тек үйде пайдалануға арналған. Ол
бұтақтарды, рейка, қатты және жұмсақ ағаштарды кесуге
арналған. Ол тік кесіктерге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Ара дискісі
(2) Тірек тақтасы
(3) Ажыратқышты іске қосылудан қорғайтын құлып
(4) Ажыратқыш
(5) Аккумуляторды босату түймесі
(6) Аккумулятор
(7) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
(8) Ара дискісі патронының қаптамасы
(9) Ара дискісі патронының қаптамасын құлыптау
иінтірегі
(10) Сына
(11) Тұтқа (беті оқшауланған)
(12) Ілмек
(13) Ара дискісінің бекіткіші
Техникалық мәліметтер
Көп мақсатты ара AdvancedCut 18
Өнім нөмірі 3603CD51..
Номиналды кернеу В= 18
Бос жүріс күйіндегі айналу
жиілігі n0A) мин−1 0−7000
Макс. кесік тереңдігі мм 65
Салмағы EPTA-Procedure
01:2014 құжатына сай кг 1,1−1,4A)
Зарядтау кезіндегі
ұсынылатын қоршаған
орта температурасы
°C 0…+35
Bosch Power Tools 1 609 92A 844 | (21.07.2022)
Добавить комментарий