
17
тек ұсақтағыш-пышақ толық айналып
тоқтағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
•Чоппер ұсақтағыш-пышағының кесетін
жиегі мен блендер-қондырмалары тым
өткір және қауіп төндіруі мүмкін. Осы
қондырмаларды қолданғанда өте сақ
болыңыз!
•Құралдың айналатын бөліктеріне қол
тигізбеңіз. Блендер-қондырмасы пышағына
немесе бұлғауыштың айналатын бөлігіне
шаштың немесе салбыраған элементтердің
түсуіне жол бермеңіз.
•Құралды өшірген кезде желілік баудан
тартуға болмайды, тікелей желілік бау
айырынан ұстаңыз және оны розеткадан
шығарыңыз.
•Чоппер тостағанды және өлшеуіш
стаканды қысқа толқынды пешке салуға
тыйым салынады.
•Қондырғылар мен сыйымдықтарды ыдыс
жуатын машинаға салуға болмайды.
•Балалардың қауіпсіздігі үшін орам ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді
қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен
ойнауға рұқсат етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
•Егер жұмыс істеп тұрған құралдың
маңында балалар немесе мүмкіндіктері
шектеулі адамдар болса, онда ерекше сақ
болыңыз.
•Осы құрал балалардың пайдалануына
арналмаған.
•Құралды ойыншық ретінде пайдалануға
жол бермеу үшін балаларды жіті
қадағалаңыз.
•Балаларға құрал жұмыс істеп тұрған кезде
моторлық блок корпусын, желілік бауды
немесе желілік бау айырын ұстауға рұқсат
етпеңіз.
•Жұмыс уақытында және жұмыс айналымы
арасындағы үзілістерде құралды балалар-
дың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
•Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды
қоса) немесе оларда тәжірибесі немесе
білімі болмаса, егер олар бақыланбаса
немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап
беретін тұлғамен аспапты пайдалану
туралы нұсқаулықтар берілген болмаса,
аспап олардың пайдалануына арналмаған.
•Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда
қауіп тудырмау үшін оны дайындаушы,
сервистік қызмет немесе баламалы білікті
маман ауыстыруы тиіс.
•Аспапты өздігіңізден жөндеуге тыйым
салынады. Аспапты өздігіңізден бөл-
шектеуге болмайды, кез-келген бұзылыс
пайда болғанда, сондай-ақ құрал
құлаған жағдайда құралды розеткадан
шығарыңыз және кепілдік талонында және
www.vitek.ru сайтында көрсетілген
байланыс мекен-жайлары бойынша кез-
келген авторландырылған (уәкілетті)
сервистік орталыққа хабарласыңыз.
•Бұзылуға жол бермеу үшін құралды зауыт
қаптамасында ғана тасымалдаңыз.
•Құралды балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРҒЫН ПАНАЖАЙЛАРДА ТҰРМЫ-
СТЫҚ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН,
ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ПАНАЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
БІРІНШІ РЕТ ҚОСУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура
жағдайында тасымалдағаннан кейін
немесе сақтағаннан кейін, оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем
емес уақыт бойы ұстау қажет.
•Блендерді қаптамадан шығарыңыз және
құрылғының жұмысына кедергі келтіретін
барлық қаптама материалдарын және
жарнамалық жапсырмаларды алып
тастаңыз.
•Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, зақымда-
нулар болса құрылғыны пайдаланбаңыз.
•Қосу алдында электр желісіндегі кернеу
құрылғы корпусында көрсетілген кернеуге
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
•Құрылғыны пайдалану алдында
қондырмаларды (1, 12), тостағанды (10)
және чоппер пышағын (9), стақанды
(13) бейтарап жуғыш заты бар жылы
сумен жуыңыз және жақсылап оларды
құрғатыңыз.
IM VT-8538.indd 17 11.01.2019 17:26:48
Добавить комментарий