
18
температурасы өте жоғары, ол үшін
иықшаларды немесе киім ілгіштерді
пайдаланыңыз.
• Үтіктеп болғаннан кейін, үтікті сөндіріңіз,
оның толық салқындауын күтіңіз, содан кейін
су құятын саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз,
үтікті төңкеріңіз және су қалдықтарын төгіңіз.
АВТОМАТТЫ СӨНУ
Бұл модельде үтікті автоматты ажыратудың
2 режимі көзделген.
1. Егер үтік көлденең күйінде 30 секунд бойы
қозғалмай тұрса, онда үтіктің қыздырғыш
элементі сөнеді, ал көрсеткіш (7) жанып-
сөніп тұрады.
2. Егер үтік тік күйінде 8 минут бойы қозғалмай
тұрса, онда үтіктің қыздырғыш элементі
сөнеді, ал көрсеткіш (7) жанып-сөніп тұрады.
Үтіктеу процесін қайта жалғастырған кезде
үтік автоматты іске қосылады.
БУ КАМЕРАСЫН ТАЗАРТУ
Үтіктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін бу
камерасын тұрақты түрде тазалап отыру қажет.
• Үнемі бу беру реттегішін (3) күйіне
белгілеңіз.
• Сауытты (10) «MAX» белігісіне дейін сумен
толтырыңыз.
• Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
• Желілік баусымның ашасын электрлік
ашалыққа салыңыз.
• Реттегішті (11) бұрап, үтік табанының
максималды қызу температурасына «MAX»
белгілеңіз, осы кезде көрсеткіш (7) жанады.
• Үтік табанының (13) температурасы
белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (7) сөнеді, бу камерасын
тазалауды жүргізуге болады.
• Температура реттегішін (11) «MIN»
(СӨНДІРІЛГЕН) күйіне белгілеп, үтікті
сөндіріңіз. Желілік баусым ашасын электр
ашалығынан ажыратыңыз.
• Үтікті қолжуғыш үстінен көлденең
орналастырыңыз, содан кейін тұрақты бу
беру реттегішін (3) «өздігімен тазалану»
күйіне ауыстырыңыз және ұстап тұрыңыз.
• Қайнап жатқан су мен бу қақпен бірге үтік
табанының (13) саңылауларынан сыртқа
атқылайды.
• Сауыттағы (10) бүкіл су шығып болғанға
дейін үтікті алға-артқа сәл шайқаңыз.
• Тұрақты бу беру реттегішін (3) жіберіңіз және
оны күйіне ауыстырыңыз.
• Үтікті негізіне қойыңыз (9) және оған толық
салқындауға уақыт беріңіз.
• Үтіктің табаны (13) толық салқындап
болғаннан кейін, оны құрғақ матамен
сүртіңіз.
• Үтікті сақтауға қойғанға дейін, сауытта (10)
су жоқ екеніне, ал үтік табаны (13) құрғақ
екенін тексеріңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
• Үтікті тазалағанға дейін оның желіден
ажыратылғанына және салқындағанына көз
жеткізіңіз.
• Үтіктің корпусын сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, осыдан кейін оны құрғатып сүртіңіз.
• Үтіктің табанындағы шөгінділерді су мен
сірке суы ерітіндісіне салынған матамен
кетіруге болады.
• Шөгінділерді кетіргеннен кейін табанның
бетін құрғақ матамен жалтыратып сүртіңіз.
• Үтіктің табаны мен корпусын тазалау үшін
қажайтын тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз.
• Үтіктің табанын өткір металл заттарға
тигізбеңіз.
САҚТАУ
• Температура реттегішін (11) «MIN» күйіне
белгілеңіз, ал тұрақты бу реттегішін (3)
– бу беру сөндірілген күйіне бұрыңыз.
Желілік баусым ашасын электр ашалығынан
ажыратыңыз.
• Үтікті тігінен қойыңыз және оған салқындауға
мүмкіндік беріңіз.
• Құятын саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз,
үтікті төңкеріңіз және қалған суды суға
арналған сауыттан (10) төгіңіз.
• Қақпақты (2) жабыңыз.
• Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИНАҒЫ
Үтік – 1 дн.
Өлшейтін стаканша – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қоректендіру кернеуі: 220-240 В ~ 50/60 Гц
Максималды қуаты: 2400 Вт
Өндіруші аспаптың дизайны мен техникалық
сипаттамаларын алдын-ала хабарлаусыз
өзгерту құқығын сақтайды.
IM VT-8309.indd 18 10/5/17 10:05
Добавить комментарий