
14
ҚОНДЫРМА-ҚЫЛШАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Еден/кілем жабындыларының бетіне
арналған қылшақ (1)
Қылшақтағы (1) ауыстырғышты (2) қажетті
«ЕДЕН/КІЛЕМ» күйіне (жинастыру жүргізіліп
жатқан беттің түріне байланысты) ауыстырыңыз.
Саңылау қондырмасы (25)
Саңылауларға арналған қондырма
радиаторларды, саңылауларды, бұрыштарды
және диван жастықтарының арасын тазартуға
арналған.
Шаңжинағыш-контейнер (19)
Шаңжинағыш-контейнер (19) кіретін ауадан шаң
мен шаңды сүзетін циклондық сүзгімен (18)
жабдықталған, HEPA-сүзгісі (21) ең соңында ең
кішкене шаң бөлшектерін ұстап қалады.
Ескерту: – әрқашан HEPA-сүзгісінің (21)
тазалығын қадағалаңыз, себебі шаңсорғыш
жұмысының тиімділігі осыған байланысты
болады.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Сақтандыру шаралары
•
Үсті қатты қыздырылған беттердің
тікелей жақын маңдарында, күлсауыттар
жанында, сонымен бірге жылдам тұтанатын
сұйықтықтарды сақтау орындарында
шаңсорғышпен жинауды іске асырмаңыз.
•
Жинауды бастау алдында еденнен
құрылғының бұзылуына жол бермеу үшін үшкір
заттарды алып тастаңыз.
•
Егер жинастыру кезінде шаңсорғыштың
сорғызу қуаттылығы кенет төмендеп кетсе,
онда оны дереу сөндіріңіз және телескопиялық
түтіктің (4) немесе құбыршектің (7) қоқыстануын
тексеріңіз. Шаңсорғышты сөндіріңіз, содан
кейін оны электр желісінен ажыратыңыз,
қоқыстануды жойыңыз, және осыдан кейін ғана
жинастыруды жалғастыруға болады.
ПАЙДАЛАНУЫ
Назар аударыңыз! Шаңсорғышты тек
орнатылған шаңжинағыш-контейнерімен (19)
және оған орнатылған HEPA-сүзгісімен (21),
сонымен бірге шығу HEPA-сүзгісімен (24)
орнатуға болады. Шаңсорғышты қоспас
бұрын, сүзгілердің бар балуын және дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз (21, 24).
•
Жұмысты бастамас бұрын желі бауын қажетті
ұзындыққа тартыңыз және желі бауын электр
розеткасына қосыңыз.
•
Желі бауындағы сары белгі желі бауының
максималды ұзындығы екенін ескертеді. Желі
бауын қызыл белгіден әрі шығаруға тыйым
салынады.
•
Шаңсорғышты қосу үшін қуат қосқышын (16)
басыңыз.
•
Жұмыс кезінде реттейтін тұтқаны (16) бұрап,
сондай-ақ, иілгіш құбыршектің (5) тұтқасында
орналасқан сору қуатын қол реттегішін (6)
пайдаланып сору қуатын реттеуге болады.
•
Тазалау аяқталғаннан кейін қуат қосқышын
(16) басыңыз және желі бауын электр
розеткасынан ажыратыңыз.
•
Желі бауын орау үшін пернеге (14) басыңыз,
оралып жатқан баудың қабатталуына және
бүлінуіне жол бермеу үшін қолмен демеп
отырыңыз.
•
Жинастыру арасындағы үзілістерде қылшақты
(1) «тұрақ» орнына (17) орнатуға болады.
ТАЗАЛАУЫ МЕН КҮТІМІ
Шаңжинағыш-контейнерді (19) тазалауы
Үй-жайды әр жинаған сайын шаңжинағыш-
контейнерден (19) қоқысты шығарып отырыңыз.
–
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны желіден
ажыратыңыз.
–
Тұтқаны ұстаңыз (12), бекіткіш батырмасын (13)
басып, шаңжинағыш-контейнерді шешіп
алыңыз (2-сурет).
–
Шаңжинағыш-контейнерді (19) қоқыс шелегінің
үстінен орналастырыңыз.
–
Бекіткіш пернесіне (11) басып, қақпақты (20)
ашыңыз.
–
Контейнерден (19) шаң мен қоқысты алып
тастаңыз (3-сурет).
–
Қақпақты жабыңыз (20).
–
Контейнерді (19) орнына қойыңыз.
Шаңжинағыш-контейнеріне (19) орнатылған
HEPA-сүзгісін (21) тазалау
–
Жоғарыда сипатталғандай, қоқыс пен шаңнан
шаңжинағыш-контейнерді (19) алдын ала
тазалаңыз.
–
HEPA-сүзгісін алып тастаңыз (21) (4-сурет).
–
НЕРА-сүзгісін (21) шаң мен қоқыстан
тазалаңыз және оларды жылы судың ағыны
астында жуыңыз.
–
HEPA-сүзгісін (21) жуу үшін ыдыс жуатын
машинаны пайдаланбаңыз.
–
HEPA-сүзгісін (21) мұқият құрғатыңыз.
–
HEPA-сүзгісін (21) құрғату үшін фенді
пайдалануға тыйым салынады.
–
Тұтқаны (12) ұстап, циклондық сүзгіні (18)
сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, шығарып
алыңыз (5, 6-сурет).
–
Циклоналық сүзгіні (18) жылы судың ағыны
астында жуып, кептіріңіз.
–
Шаңжинағыш-контейнерді (19) жуыңыз, оны
сүртіп, кептіріңіз.
–
Циклондық сүзгіні (18) орнына қойыңыз да,
сағат тіліне қарсы бұрыңыз тоқтауға дейін.
–
HEPA-сүзгісін (21) орнына қойыңыз.
IM VT-8127.indd 14 31.08.2018 12:18:00
Добавить комментарий