
15
Ескерту: - шаңсорғыш жұмыс істеген уақытта
қолсаптағы (8) бтаратқыш құрылғының
жарықдиодтарын және фотоқабылдағышты
(21) жаппаңыз.
•
Панажайдағы жинастыруды аяқтағаннан кейін
іске қосу/сөндіру пернесіне (20) басыңыз
және желілік баудың айыртетігін электрлік
ашалықтан шығарыңыз.
•
Желілік бауды орау үшін пернеге (19) басыңыз,
оралып жатқан баудың астам оралуы мен
бүлінуіне жол бермеу үшін қолмен ұстаңыз.
•
Жинастыру арасындағы үзілістерде қылшақты
(1) «тұрақ» орнына (22) орнатуға болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Контейнер-шаңжинауышты (11) тазалау
Контейнер-шаңжинауыштан (11) қоқысты немесе
шаңды жоюды панажайды әр жинастырған сайын
жүзеге асырыңыз.
–
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны желіден
ажыратыңыз.
–
Қолсаптан (12) ұстаңыз, бекіткішке (18)
басыңыз және контейнер-шаңжинауышты (11)
шешіңіз (сур. 4).
–
Контейнер-шаңжинауышты (11) қоқыс шелігінің
үстінен орналастырыңыз.
–
Қақпақ (14) бекіткішін босату үшін бекіткіш
пернесін (13) жылжытыңыз және қақпақты (14)
ашыңыз.
–
Шаң мен қоқысты контейнерден (11) жойыңыз
(сур. 5).
–
Қақпақты (14) жабыңыз.
–
Контейнерді (11) орнына орнатыңыз.
Контейнер-шаңжинауышқа (11) орнатылған
сүзгілер блогын (15) тазалау
–
Контейнерді (11) алдын-ала қоқыстар мен
шаңнан жоғарыда сипатталғандай тазалаңыз.
–
Қыстырғышты (16) сәл көтеріңіз және қақпақты
(17) ашыңыз.
–
Сүзгілер блогын (15) шығарыңыз (сур. 6).
–
Микропоролонды сүзгіні шығарыңыз.
–
Сүзгілерді шаңнан және қоқыстан тазалаңыз
және оларды жылы судың ағынының астында
жуыңыз.
–
Сүзгілерді жуу үшін ыдыс жуатын
машиналарды пайдаланбаңыз.
–
Сүзгілерді мұқият құрғатыңыз.
–
Сүзгілерді құрғату үшін фенді пайдалануға
тыйым салынады.
–
Бір қолмен контейнер-шаңжинауыштан (11)
ұстап, басқа қолыңызбен қолсаптан (12)
ұстаңыз, қолсапты (12) сағат тіліне қарсы
тірелгенге дейін бұраңыз, циклондық сүзгілер
блогын контейнерден (11) шығарыңыз.
–
Контейнер-шаңжинауышты (11) жуыңыз, оны
сүртіңіз және құрғатыңыз.
–
Циклондық сүзгілер блогын жуыңыз және
оларды өте мұқият құрғатыңыз.
–
Алдын-ала сүзгілер блогындағы белгіні
контейнердегі (11) белгімен сәйкестендіріп,
циклондық сүзгілер блогын контейнер
шаңжинауышқа (11) салыңыз, циклондық
сүзгілер блогын оң жаққа тірелгенге дейін
бұраңыз, циклондық сүзгілер блогының дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
–
Микропоролонды сүзгіні орнына орнатыңыз,
сүзгілер блогын (15) орнатыңыз, қақпақты
(17) жабыңыз,қақпақтың (17) бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
–
Құрастырылған контейнер-шаңжинауышты (11)
орнына орнатыңыз, контейнер-шаңжинауыштың
(11) сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз!
Контейнер-шаңжинауышты (11) орнату
алдында, сүзгілердің құрғақ екеніне және
контейнер-шаңжинауыш (11) пен циклондық
сүзгінің ішінде ылғалдың жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
Шығаратын НЕРА-сүзгіні (25) тазалау
•
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны элкектрлік
желіден ажыратыңыз.
•
Бекіткішке (23) басып, шығаратын сүзгінің
торын (24) шешіңіз, НЕРА-сүзгіні (25)
шығарыңыз.
•
НЕРА-сүзгіні (25) сәл жылы ағын судың
асытнда жуыңыз. Сүзгілерді жуу үшін ыдыс
жуатын машинаны пайдаланбаңыз.
•
НЕРА-сүзгіні (25) құрғатыңыз. НЕРА-сүзгіні
(25) құрғату үшін фенді пайдалануға тыйым
салынады.
•
НЕРА-сүзгіні (25) орнына орнатыңыз.
•
Шығаратын сүзгінің торын (24) орнына
орнатыңыз (сур. 7).
Ескерту:
–
НЕРА-сүзгіні (25) орнына орнату алдында,
оның құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
–
НЕРА-сүзгіні (25) құрғату үшін фенді
пайдалануға тыйым салынады.
Шаңсорғыш корпусы
–
Шаңсорғыш корпусын сәл дымқыл жұмсақ
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
–
Шаңсорғыш корпусын, желілік бауды және
желілік баудың айыртетігін суға немесем кез-
келген басқа сұйықтықтарға салуға тыйым
салынады. Шаңсорғыш корпусының ішіне
судың тиюіне жол бермеңіз.
–
Шаңсорғыш бетін тазалау үшін еріткіштерді
және қажайтын тазалағыш заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
IM VT-8110.indd 15 08.11.2017 16:16:22
Добавить комментарий