
14
–
егер шаңсорғыш ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса қоректендіру
элементтерін алып тастаңыз.
Иілгіш құбыршекті қосу және шешу
•
Иілгіш құбыршек ұштамасын (9) ауатартқыш
саңылауға (10) кигізіңіз және оны сағат тілінің
бойынша тірелгенге дейін бұраңыз (сур. 1).
•
Иілгіш құбыршекті шешу үшін ұштаманы
(9) сағат тіліне қарсы бұраңыз және оны
ауатартқыш саңылаудан (10) шығарыңыз.
Телескопты түтікті және қондырмаларды қосу
•
Телескопты ұзартқыш түтікті (4) иілгіш
құбыршектің сабына (8) қосыңыз (сур. 2).
•
Алдын-ала бекіткішке (3) басып, телескопты
түтіктің төменгі бөлігін қажетті ұзындыққа
шығарыңыз.
•
Қажетті қондырманы – еден/кілем
төсеніштеріне арналған қылшақты (1), аралас
қондырманы (26) немесе жиһаз қаптауын
тазалауға арналған қондырманы (27)
таңдаңыз – және оны телескопты ұзартқыш
түтікке (4) қосыңыз (сур. 3).
•
Қажет болғанда қондырмаларды (26, 27)
тікелей иілгіш құбыршектің сабына (8) қосуға
болады.
ҚЫЛШАҚ-ҚОНДЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Еден/кілем төсеніштеріне арналған
қылшақ (1)
Қылшақтағы (1) ауыстырғышты (2) қажетті «ЕДЕН/
КІЛЕМ» күйіне (жинастыру жүргізіліп жатқан беттің
түріне байланысты) ауыстырыңыз.
Аралас қондырма (26)
Саңылауларға арналған қондырма радиаторларды,
саңылауларды, бұрыштарды немесе диван
жастықтарының арасындағы кеңістікті тазалауға
ғана емес, сонымен бірге жиһаз бетіндегі шаңды
жинау үшін де арналған, осы кезде қылшақтағы
(26) түктің болуы жалтыратылған жиһаздың
бүлінуіне жол бермейді. Жұмыс істеген уақытта
қылшақты қажетті күйіне белгілеңіз.
Қондырма (27)
Қондырманы (27) жұмсақ жиһаздың маталы
қаптауын тазалау үшін пайдаланыңыз.
Қондырмалар ұстауышы (28)
Ұстауышты (28) телескопты түтікке (4) орнатыңыз
және оған қондырмаларды (26) және (27)
орнатыңыз.
Контейнер-шаңжинауыш (11)
Контейнер-шаңжинауыш (11) циклонды сүзгімен
жабдықталған, ол кіріп жатқан ауадан қоқыспен
шаңды сеуіп алады, ал сүзгілер блогы (15)
соңында шаңның ең ұсақ бөлшектерін ұстап
қалады.
Ескерту: - әрқашан сүзгілер блогының (15)
тазалығын қадағалаңыз, себебі бған шаңсорғыш
жұмысының нәтижелілігі байланысты болады.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Сақтандыру шаралары
•
Қатты қыздырылған сыртқы беттердің тікелей
қасында, күлсауыттардың қасында, сонымен
қатар тез тұтанатын сұйықтықтар сақталатын
жерлерде шаңсорғышпен жинастыруды
жүргізбеңіз.
•
Жинастыруды бастау алдында, құрылғының
бұзылуына жол бермеу үшін еденнен үшкір
заттарды алыңыз.
•
Егер жинастыру кезінде шаңсорғыштың
сорғызу қуаты кенет азайып қалса, оны
дереу сөндіріңіз және телескопты түтіктің (4)
немесе құбыршектің қоқыстануын тексеріңіз.
Шаңсорғышты сөндіріңіз, содан кейін оны
электрлік желіден ажыратыңыз, қоқыстануды
жойыңыз, осыдан кейін ғана жинастыруды
жалғастыруға болады.
ПАЙДАЛАНУ
Назар аударыңыз! Шңсорғышты орнатылған
контейнер-шаңжинауышпен (11) және оған
орнатылған сүзгілер блогымен (15), сонымен
қатар орнатылған шығаратын (25) HEPA-
сүзгімен ғана іске қосуға болады. Шаңсорғышты
іске қсоу алдында сүзгілердің (15, 25) болуын
және орнату дұрыстығын міндетті тексеріңіз.
•
Жұмысты бастау алдында желілік бауды
қажетті ұзындыққа шығарыңыз және желілік
баудың айыртетігін электрлік ашалыққа
салыңыз.
•
Желілік баудағы сары белгі желілік баудың
максималды ұзындығы туралы сақтандырады.
Желілк бауды қызыл белгіден алшақ шығаруға
тыйым салынады.
•
Шаңсорғышты іске қсоу үшін іске қосу/сөндіру
пернесін (20) басыңыз.
•
Жұмыс істеген уақытта сіз сорғызу қуатын
иілгіш құбыршек қолсабындағы (8) «-/+»
батырмаларын (7) басып реттей аласыз,
сорғызу қуатының өзгеруі жарықтық
көрсеткіштермен (21) көрсетіледі.
•
Жұмыс уақытындағы үзілістерде батырманы
(6) басыңыз, шаңсорғыш сөнеді, және бір
жарықтық көрсеткіш жанып-сөніп тұрады,
жұмысты жалғастыру үшін батырманы (6)
қайталап басыңыз, шаңсорғыш іске қосылады
және бұдан бұрын белгіленген сорғызу
қуатымен жұмыс істеуді жалғастырады.
IM VT-8110.indd 14 08.11.2017 16:16:22
Добавить комментарий