
13
•
Шағын пештің корпусындағы желдету
саңылауларын жаппаңыз және құрал жұмыс
істеп тұрған кезде оны бүркемеңіз.
•
Желілік бауды және желілік баудың айырын суға
немесе кезкелген басқа сұйықтықтарға салуға
тыйым салынады.
•
Желілік баудың және желілік бау айырының
ыстық беттерінің жиһаздың үшкір жиектерімен
жанасуына жол бермеңіз.
•
Желілік баудың айырын электрлік розеткадаг
ажыратқан кезде желілік бауды емес, желілік
баудың айырынан ұстаңыз.
•
Желілік бауды дымқыл қолмен қосуға және
ажыратуға болмайды, бұл электр тогының
соғуына әкелуі мүмкін.
•
Егер желілік бау немесе желілік баудың айыры
бүлінген болса, егер құрал кідіріспен жұмыс
істесе, сондайақ ол құлаған болса, құралды
пайдалануға болмайды.
•
Аспапты өздігінен жөндеуге тыйым салынады.
Аспапты өздігіңізден бөлшектемеңіз, кезкелген
ақаулар туған кезде, сондайақ құрал құлағаннан
кейін аспапты электр розеткасынан ажыратыңыз
және кепілдік талонында және сайтта
көрсетілген байланыс мекенжайлары бойынша
кезкелген авторландырылған (уәкілетті) сервис
орталығына хабарласыңыз www.vitek.ru .
•
Құралды тек зауыт қаптамасында ғана
тасымалдаңыз.
•
Құралды балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. АСПАПТЫ ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құралды төмен температура жағдайларында
сақтаған немесе тасымалдаған кезде оны
бөлме температурасында 3 сағаттан кем
емес уақыт бойы ұстау керек.
– Құралды толық қаптамадан шығарып, оның
жұмысына кедергі келтіретін кезкелген
жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
– Жұмыс камерасынан қаптама материалдарын
және керекжарақтарды алып тастаңыз.
– Құралдың бүтіндігін тексеріңіз, бүлінген жерлері
болған кезде құралды пайдалануға болмайды.
ОРНАТУ
– Ростерді оның салмағы мен онда дайындалатын
өнімдердің максималдық салмаған ұстап тұруға
қабілетті қатты тегіс жерге орнату керек.
– Құралды ылғалдығы жоғары және температурасы
жоғары жерлерге, сондайақ оңай тұтанатын
заттардың жанына орналастыруға болмайды.
– Кішкентай балалардың қолдары жетпейтін жерді
таңдап алыңыз.
– Пешті артқы және бүйір қабырғалары үйдің
қабырғасынан кемінде 20 см қашықтықта, ал
ростердің үстіндегі еркін кеңістік кемінде 30 см
құрайтындай етіп орнатыңыз.
– Корпустың түбінің тіреу аяқтарын шешпеңіз.
– Құралдың корпусындағы желдету саңылауларын
жаппаңыз.
РОСТЕРДІ ЖЕЛІГЕ ҚОСУ
– Ростерді қосудан бұрын жұмыс кернеуі
мен тұтынатын қуаттың электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетіндігіне көз
жеткізіңіз.
– Өрттің пайда болу қаупіне жол бермеу үшін
құралды электрлік розеткаға қосқан кезде
ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
– Ростерді жерге сенімді қосылған желілік розеткаға
қосыңыз.
– Жерге тұйықтандырумен байланысы жоқ электр
розеткасына қосылған жерге тұйықтандырумен
байланысы бар желілік айырды пайдалану
электр тогының соғу қаупіне апаруы мүмкін.
– Егер сізге ростерді жерге тұйықтандыру
жөніндегі нұсқаулықтар түсініксіз болса
немесе ростер корпусының жерге сенімді
тұйықтандырылғандығына күмәніңіз болса, онда
білікті электр маманынан кеңес алыңыз.
– Ұзартқышты пайдалану қажет болғанда желілік
айырда және розеткада тұйықтандырылған бай
ланысы бар 3 сымды ұзартқышты пайдаланыңыз.
– Ростердің желілік бауының сымдары қимасының
таңбалауы мен ұзартқыш бауындағы таңбалау
сәйкес келуі керек.
– Ұзарқыштың желілік бауы балалар тартуы мүмкін
үстелдің шеттерінен салбырамауы керек, және
ол оны басып жүру жоққа шығарылғандай етіп
төселуі керек.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
– Торды (9), қаңылтыр табаны (10), тұтқаны (11, 13)
және істікті (12) бейтарап жуғыш заты бар жылы
сумен жуыңыз және жақсылап кептіріңіз.
– Желілік баудың айырын розеткаға салыңыз.
– Құралды максималдық қызу тәртібіне қосыңыз,
ол үшін термостат реттегішін (2) бұраңыз және
оны «250» күйіне орнатыңыз.
– Таймердің (5) тұтқасын сағат тілінің бағытымен
бұраңыз және жұмыс уақытын 1015 минутқа
орнатыңыз, құрал жұмыс істей бастайды. Жұмыс
уақытының аяқталғаны туралы дыбыстық белгі
хабарлайды.
Добавить комментарий