
13
пайдалану туралы тиісті және түсінікті нұсқаулықтар
және құрылғыны дұрыс пайдаланбаған жағдайда
пайда болуы мүмкін қауіптер туралы түсінік берілген
жағдайда ғана мүмкін.
• Желілік шнурды немесе шланганы шаңсорғышты
тасымалдауға арналған тұтқа ретінде
пайдаланбаңыз, желілік шнур есік арасынан
өтіп тұрған жағдайда есікті жаппаңыз, сондай-ақ
желілік шнурдың өткір жиектеріне немесе
жиһаздың бұрыштарына тиюін болдырмаңыз.
Бөлмені жиыстыру кезінде желілік шнурды
шаңсорғышпен басуға тыйым салынады, себебі
желілік шнур зақымданып қалуы мүмкін.
•
Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда қауіп тууға
жол бермеу үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет
немесе баламалы білікті маман ауыстыруы керек.
•
Аспапты өз бетімен жөндеуге тыйым салынады.
Өздігіңізден құрылғыны бөлшектемеңіз, кез
келген ақау шыққан жағдайда, сондай-ақ құрылғы
құлаған жағдайда құрылғыны розеткадан алып
тастаңыз да, байланысу мекенжайлары бойынша
кепілдеме талонында көрсетілген кез келген
авторланған (уәкілетті) сервистік орталыққа, және
www.vitek.ru
сайтына жүгініңіз.
•
Құрылғыны тек зауыттық қаптамасында
тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны балалар және мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРҒЫН ПАНАЖАЙЛАРДА ТҰРМЫСТЫҚ
ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН, ҚҰРЫЛҒЫНЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ПАНАЖАЙЛАРЫНДА
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
• Егер жинау кезінде шаңсорғыштың сору қуаты
күрт төмендеп кетсе, шаңсорғышты дереу өшіріп,
желілік шнур ашасын электр розеткасынан
суырыңыз және телескоптық түтіктің немесе
шлангтың бітелгендігін тексеріңіз. Бітелген
қоқысты алып тастаңыз және тек осыдан кейін
ғана жиыстыруды бастауға болады.
• Шаңсорғышпен жинауды қатты қызып тұрған
беттерге тікелей жақын жерде, күлсалғыштардың
қасында, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтар
сақталған жерлерде жүргізбеңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Құрылғыны төмен температура жағ дайында
тасымалдаған немесе сақта ған кезде, оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем емес уақыт
бойы ұстау қажет.
• Шаңсорғышты толығымен қораптан шығарып
алыңыз да, оның бүлінген жерлерінің жоқ
болуын тексеріңіз. Зақымданға жерлерді
байқаған жағдайда шаңсорғышты қоспаңыз және
пайдаланбаңыз.
• Шаңсорғышты бірінші рет қосар алдында, электр
желісіндегі кернеу шаңсорғыштың жұмыс кереуіне
сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
• Құрал жиілігі 50 Гц немесе 60 Гц айналмалы ток
желісінде жұмыс істеуге арналған, құралдың
талап етілген номиналдық жиілікте жұмыс істеуі
үшін ешқандай баптау талап етілмейді.
• Саптама қылшақтарды ауыстырған кезде,
сондай-ақ тазалау кезінде шаңсорғышты үнемі
өшіріп, желілік шнур ашасын электр розеткасынан
суырып отырыңыз.
Иілмелі шлангты жалғау және шешу
• Иілмелі шлангтың ұштығын (8) ауа қармауыш
саңылауға (9) ұштықтағы дөңестер ауа қармауыш
саңылаудағы ойықтарға келетіндей етіп
орнатыңыз және ұштықты сағат тілінің бағытымен
бұраңыз түзетуге.
• Иілмелі шлангты шешіп алу үшін оның ұштығын (8)
сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз да, шлангты
шешіп алыңыз.
Телескоптық түтікті және ұштықты жалғау
• Телескоптық ұзартқыш түтікті (4) иілмелі
шлангтың сабына (6) жалғаңыз. Телескоптық
түтіктің төменгі жағын қажетті ұзындыққа дейін
шығарыңыз, ол үшін бекіткіш түймесін (3) алдын
ала басу керек. Қажетті саптаманы таңдаңыз –
еден/кілем беттеріне арналған қылшақ (1) немесе
құрамдастырылған қылшақ (26) – және оны
телескоптық ұзартқыш түтікке (4) жалғаңыз.
Еденге/кілем беттеріне арналған қылшақ (1)
Қылшақтағы (1) ауыстырып-қосқышты (2) (жинастыру
жүргізіліп жатқан беттің түріне байланысты) қажетті
күйге орнатыңыз.
Құрамдастырылған саптама (26)
Саптама тек радиаторларды, саңылауларды,
бұрыштарды және жастықтар мен дивандар арасын
тазалау үшін емес, сонымен бірге жиһаздың бетіндегі
шаңды сүртуге де арналған, бұл кезде түктің болуы
жиһаздың жалтыр бетін зақымдауына кедергі
келтіреді.
Ескертпе:
– Қылшақ-саптамаларды ауыстырар алдында,
сондай-ақ шаңжинағыш контейнерді (11)
тазаламас бұрын шаңсорғышты ажыратыңыз
және желілік ашаны электр розеткасынан
суырыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Назар аударыңыз! Шаңсорғышты тек
шаңжинағыш контейнері (11), кіріс сүзгісі
(20), шығыс НЕРА-сүзгісі (17) және қорғағыш
(25) сүзгілері орнатулы болған кезде ғана
қосыңыз. Шаңжинағыш контейнердің (11) дұрыс
жиналғанын және сүзгілердің (17, 20, 25) дұрыс
орнатылғанын үнемі тексеріп отырыңыз.
VT-1894.indd 13 8/10/20 11:57 AM
Добавить комментарий