
15
Қорғағыш сүзгіні тазалау (25)
Қорғағыш сүзгінің (25) көзге көрінетін кірлері болған
кезде оны шығарып алыңыз, жуыңыз, әбден кептіріңіз
және орнына салыңыз.
Ескертпе:
– Сүзгілерді (17, 20, 25), айырғышты (21),
колбаны (22) жуу үшін ыдыс жуғыш машинаны
пайдаланбаңыз.
– Сүзгілерді (17, 20) орнатпас бұрын олардың
құрғақ екенін тексеріп алыңыз.
– Сүзгілерді (17, 20, 25) және басқа да алынбалы
бөлшектерді кептіру үшін фенді пайдалануға
тыйым салынған.
Назар аударыңыз! Сүзгілердің тазалығын
сақтаңыз, өйткені бұған шаңсорғыш жұмысының
тиімділігі байланысты болады, сүзгілер блогын
жылына үш-төрт рет тазалап отырыңыз, ал ол
қатты бітелген жағдайда - жиірек.
Шаңсорғыш корпусын тазалау
• Шаңсорғыштың корпусын жұмсақ, сәл ылғал
матамен сүртіңіз, одан кейін құрғатып сүртіңіз.
• Шаңсорғыш корпусын, желілік шнуырды және
желілік шнурдың ашасын суға немесе кез келген
басқа сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
Шаңсорғыш корпусының ішіне сұйықтықтың кіріп
кетуіне жол бермеңіз.
• Шаңсорғыш бетін тазарту үшін еріткіштерді және
қажайтын жуғыш заттарды пайдалануға тыйым
салынады.
САҚТАУ
• Шаңсорғышты ұзақ уақыт сақтауға алып қоймас
бұрын корпусты, шаңжинағыш контейнерді (11)
және сүзгілерді (17, 20, 25) тазалап алыңыз.
• Сақтау кезінде ыңғайлы болу үшін қылшақтың
«тұрақтау» орнын (15) пайдаланыңыз.
• Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ЖИНАҚТАМАСЫ
Орнатылған сүзгілері мен шаңжинағыш
контейнері бар шаңсорғыш – 1 дн.
Иілмелі шланг – 1 дн.
Телескоптық ұзартқыш түтік – 1 дн.
Еденге/кілем беттеріне арналған қылшақ – 1 дн.
Құрамдастырылған саптама – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ
Электрлік қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50/60 Гц
Номиналдық тұтынатын қуаты: 1600 Вт
Максималды қуаты: 2000 Вт
Сору қуаты: 400 Вт
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың және
қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың құрамына
кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, оларды
күнделікті тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға
болмайды, аспап пен қуаттандыру элементтерін ары
қарай кәдеге асыру үшін мамандандырылған орындарға
өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша ақпаратты
алу үшін жергілікті муниципалитетке, тұрмыстық
қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне немесе берілген
өнімді Сіз сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын,
конструкциясы және оның жұмыс қағидатына әсер
етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту құқығын
өзіне қалдырады, соған байланысты нұсқаулық пен
бұйымның арасында кейбір айырмашылықтар болуы
мүмкін. Егер пайдаланушы осындай сәйкессіздіктерді
анықтаса, нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын алу
үшін сәйкессіздік туралы info@vitek.ru электрондық
поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Құралдың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi.
Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда
төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.
VT-1894.indd 15 8/10/20 11:57 AM
Добавить комментарий