Vitek VT-1523

Данная инструкция на русском языке предназначена для кофемашины Vitek VT-1523, описывает принцип работы и основные моменты эксплуатации устройства. Перед первым включением рекомендуется внимательно изучить данное руководство.

Инструкция для кофемашины представлена в формате PDF, который поддерживается на всех современных устройствах, так что сложностей с открытием файла возникнуть не должно. Но если открыть документ не получается, установите любую программу для чтения PDF файлов, например Acrobat Reader.

Чтобы распечатать инструкцию, нужно ее сначала скачать, для этого кликните по кнопке «Скачать инструкцию», файл откроется в новой вкладке, затем нажмите комбинацию клавиш Сtrl + P и из открывшегося диалогового окна, отправьте документ на печать.

Страницы: Стр:
18
ҚАЗАҚША
Ұштаманың (5) астына сәйкес тостақты
қойыңыз, бу беру реттегішін (3) сағат тіліне
қарсы ұқыпты бұраңыз және су мен конденсат
қалдықтарын түтік-капучинатордан (4) төгіңіз,
шығып жатқан будың біркелкі және сусыз
екеніне көз жеткізіңіз.
Бу беру реттегішін (3) «» күйіне белгілеп, бу
беруді жабыңыз
Ұштаманы (5) салқын сүт немесе кілегей
құйылған ыдысқа матырыңыз, ұштама (5)
ыдыстың түбіне тимеуі керек, кері жағдайда
будың шығуы қиындайды.
Бу беру реттегішінің (3) тұтқасын баяу
бұраңыз және бу беруді « » толық ашыңыз.
Ескерту: - сүттің шайқалып төгілуіне жол
бермеу үшін әрқашан ұштаманы (5) сүттің
бетінен 1 см артық тереңдікке матырыңыз.
Шығып жатқан бу құйын түзеді, ол сүт
көбігінің пайда болуына септігін тигізеді, сүті
бар ыдысты ұштамаға (5) қатысты сүт көбігі
пайда болғанға дейін мезгілімен көтеріп және
түсіріп тұрыңыз.
Шығып жатқан бумен жұмыс істеген уақытта
сақ болыңыз, сүт көбігін алғаннан кейін
реттегіш (3) тұтқасын «» күйіне белгілеп, бу
беруді жабыңыз.
Сүт көбігін бұқтырылған кофеге қосыңыз.
«» батырмасын (9) басып,
кофебұқтырғышты сөндіріңіз.
Ескерту:
сүт көбігін алу үдерісі -- бұл өнер. Бірінші
реттен көбік шықпауы да мүмкін, қам
жемеңіз және жақсы нәтижеге қол
жеткізгенге дейін тәжірибе жасаңыз.
сүттің түріне байланысты сүт көбігін алу
үшін ұштаманы (5) шешу және сүт көбігін
түтік-капучинатордан (4) шығып жатқан
бумен тікелей бұлғап көру қажет болуы
мүмкін.
Маңызды:
Көбікті әзірлеуге арналған сүт балғын және
консервантсыз болуы маңызды, яғни, ұзақ
сақталатын сүт болмауы керек.
Майлылығы 4%-дан 6%-ға дейінгі дәстүрлі
майы айырылмаған сүтті пайдалану
ұсынылады, кілегейдің майлылығы 10%-дан
аз болмауы керек.
Сүтті немесе кілегейді бұлғағаннан кейін
түтік-капучинаторды (4) және ұштаманы
(5) бірден тазалаңыз бұл үшін түтік-
капучинаторды (4) ұштамамен (5) суы бар
стаканға салыңыз, бу беру реттегіші тұтқасын
(3) « » күйіне белгілеп, бу беруді іске
қосыңыз, содан кейін реттегіш (3) тұтқасын
«» күйіне белгілеп, бу беруді сөндіріңіз және
кофебұқтырғышты сөндіріңіз.
Кофебұқтырғыштың суығанын күтіңіз және
ұштаманы (5) түтік-капучинатордан (4)
шешіңіз, түтік-капучинатордың (4) сыртын
дымқыл жұмсақ матамен сүртіңіз, ұштаманың
(5) өзін ағын судың астында жуыңыз.
СУСЫНДАРДЫ ЫСЫТУ
Сіз түтік-капучинаторды (4) ұштамамен (5)
тостағанға салып сусындарды ысыта аласыз.
Кофебұқтырғышты іске қосыңыз, « »
батырмасын (10) басыңыз және бойлердің
қызуын күтіңіз (жарықтық көрсеткіш тұрақты
жанып тұрады).
Ұштамасы бар (5) түтік-капучинаторды (4)
ысытқыңыз келген сусыны бар тостаққа
матырыңыз.
Бу беру реттегішінің (3) тұтқасын сағат тіліне
қарсы баяу бұраңыз және бу беруді толық
ашыңыз.
Сусын қажетті температураға дейін қызғанда,
реттегіш (3) тұтқасын «» күйіне белгілеп, бу
беруді жабыңыз.
«» батырмасын (9) басып,
кофебұқтырғышты сөндіріңіз.
ДӘМДІ ЭСПРЕССОНЫ ҚАЛАЙ
ДАЙЫНДАЙДЫ
«Эспрессо» кофебұқтырғыштарына арнал-
ған үгетілген кофе пайдаланыңыз.
Кофені сүзгіде (12 немесе 13) сәл
тығыздаңыз, оны өлшейтін қасықтың (14)
теріс ұшымен жасауға болады.
Алынатын кофенің ащылығы кофе
дәндерінің сапасына және ұсақталу
дәрежесіне тәуелді болады. Егер кофе тым
ұзақ құйылса, бұл кофе тым ұсақ екенін
немесе тым қатты тығыздалғанын білдіреді.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Кофебұқтырғыштың тиімді жұмыс істеуі үшін
қақты әрбір 2-3 ай сайын кетіріп отыру қажет
болады, ал «кермек» суды қолданған жағдайда
одан да жиірек орындау керек.
1.
Лимон қышқылының ерітіндісін дайындаңыз:
1 литр суға 2 шай қасық қышқыл керек.
2.
Дайындалған ерітіндіні суға арналған сауытқа
(2) құйыңыз. Сауытты (2) орнына орнатыңыз.
3.
Кофеге арналған сүзгіні (12 немесе 13)
ұстауышқа (7) салыңыз.
IM VT-1523.indd 18 21.12.2017 17:06:01
Страницы: Стр: 13
Комментарии (0)

Добавить комментарий

Другие Кофемашины Vitek