
18
•
Сыйымдылықты (8) шешіп алыңыз, оған
суық суды «МАХ» белгісіне дейін құйыңыз
және орнына орнатыңыз ( сур. 1).
•
Кофе сүзгісін (15 немесе 16) ұстағышқа (17)
салыңыз, ұнтақталған кофені сүзгіге (15
немесе 16) қоспаңыз.
•
Сүзгі ұстағышын (17) оның орната-
тын орнына орнатыңыз. Сүзгі ұстағышы
(17) шығыңқылары «INSERT» бойлерінің
ойықтарына сәйкес келуі керек, содан кейін
сүзгі ұстағышының (17) тұтқасын тірелгенге
дейін « CLOSE» (сур. 2) оңға қарай бұраңыз.
•
Ыңғайлы тостағанды табандық торына (6)
қойыңыз.
•
Желілік баудың ашасын розеткаға салыңыз.
•
Қуаттандыру қосқышын «I» күйіне қойып,
кофеқайнатқышты қосыңыз, сол кезде
дыбыстық белгілер естіліп, батырмалар (4,
5) жарығы жыпылықтайды.
•
Бойлердегі судың қызғанын күтіңіз,
дыбыстық белгілер естіледі және батырма-
лар (4, 5) жарығы тұрақты жанып тұрады.
•
Батырманы (5) « » 3 секунд басыңыз
және ұстап тұрыңыз, осы кезде сорғы
қосылады және кішкене үлестермен
су жібереді. Тостағанды суға толтырар
алдында су беруді қайталап сөндіріңіз, ол
үшін батырманы (5) « » басыңыз, суды
тостағаннан төгіңіз.
•
Тостағанның көлеміне қарай бұл рәсімді
бірнеше рет қайталаңыз, осыдан кейін бой-
лер жуылған болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
– Сүзгі ұстағышын (17) кофеқайнатқыш
жұмыс істеп тұрғанда шешуге тыйым
салынады.
– Сүзгі ұстағышын (17) шешу үшін,
ұстағыш тұтқасын сол жаққа тірелгенге
«INSERT» дейін бұраңыз және ұстағышты
(17) шешіп алыңыз.
Түтік-капучинаторды (11) жуып шаю
•
Сыйымдылықтағы (8) судың жеткілікті
екеніне көз жеткізіп алыңыз.
•
Түтік-капучинатордың (11) ұштығына (12)
астына қолайлы тостаған қойыңыз.
•
Қуаттандыру сөндіргішін «I» күйіне орна-
тып, кофеқайнатқышты қосыңыз.
•
Бу беруді қосу батырмасын (3) « »
басыңыз, дыбыстық белгі естіледі және
батырманың жарығы (3) жыпылықтайды, су
қажетті температураға дейін қызған кезде,
белгі естіледі және батырманың жарығы
(3) жыпылықтауын тоқтатады және тұрақты
жанып тұрады.
•
«OFF--- +» бу беру реттегішінің тұтқасын
(2) баяу бұраңыз, бу түтік-капучинатордың
(11) ұштағынан (12) шыға бастайды, шығып
жатқан бумен жұмыс жасаған уақытта сақ
болыңыз, 10-15 секундтан кейін реттегіш
тұтқасын (2) «OFF» күйіне белгілеңіз (сур. 3).
•
Кофеқайнатқышты сөндіріңіз, ол үшін
қуаттандыру сөндіргішін (14) күйіне «0»
қойыңыз және желі бауының ашасын розет-
кадан суырыңыз.
•
Табандық торын (6) шешіп алыңыз,
табандықты шығарыңыз, табандықтан суды
төгіңіз және оны орнына орнатыңыз, торды
(6) орнына орнатыңыз.
•
Кофеқайнатқыш кофе қайнатуға дайын.
ЭСПРЕССО КОФЕСІН ӘЗІРЛЕУ
•
Сыйымдылықты (8) шешіп алыңыз, оған
суық суды «МАХ» белгісіне дейін құйыңыз
және орнына орнатыңыз. Сыйымдылықтағы
(8) судың деңгейі «MIN» белгісінен төмен
түспеуін қадағалаңыз, суды сыйымдылыққа
(8) мезгілімен құйып отырыңыз.
•
Сүзгіге (15 немесе 16) ұнтақталған кофені
себіңіз, өлшеуіш қасықты (19) қолданыңыз,
аздап кофені өлшеуіш қасықтың сырт
жағымен (19) (сур. 4) тығыздаңыз.
•
Сүзгі ұстағышын (17) оның орнататын
орнына орнатыңыз. Сүзгі ұстағышының
қолсабы шығыңқылары (17) бойлердің
«INSERT» ойықтарына сәйкес келуі керек,
одан кейін сүзгі ұстағыштың (17) тұтқасын
тірелгенге дейін «CLOSE» оңға қарай
бұраңыз.
•
Тостағанды табандық торына (6) қойыңыз.
•
Желілік баудың ашасын розеткаға салыңыз.
•
Қуаттандыру сөндіргішін «I» күйіне қойып,
кофеқайнатқышты қосыңыз, сол кезде
дыбыстық белгілер естіліп, батырмалар (4,
5) жарығы жыпылықтайды.
•
Бойлердегі судың қызғанын күтіңіз,
дыбыстық белгілер естіледі және батырма-
лар (4, 5) жарығы тұрақты жанып тұрады.
Ескертпе: - ол үшін пайдаланылған
тостағандарды алдын-ала ысыту керек,
ол үшін тостағандарды ысытуға арналған
алаңшаға (1) қойыңыз, бойлерде су қызған
уақытта алаңша (1) қызады, сол кезде
тостағандар ысиды.
IM VT-1515.indd 18 8/26/19 3:12 PM
Добавить комментарий