
25
Ылғалды тазалау / сұйықтықтарды жинау
Пайдалануға арналған ақпарат
c Назар аударыңыз! Бензин, сұйылтқыш, сұйық отын және т.б. сорылған ауамен бірігіп,
жарылу қаупі бар буларды және қоспаларды жасауы мүмкін.
c Ацетон, қышқылдар және еріткіштер құрылғыда пайдаланылатын материалдарды жеп
қоюы мүмкін. Жуып-шаюға арналған суды және лас суды қауіптенбей соруға болады.
c Сұйықтықтарды сорғаннан кейін немесе ылғалды тазалаудан кейін лас су резервуарын
және барлық пайдаланылған бөлшектерді тазалаңыз және құрғатыңыз.
c Ешқашан лас су резервуарынсыз сұйықтықтарды сормаңыз.
c THOMAS TWIN AQUAFILTER құрылғысы ыдыстардан немесе шұңғылшалардан сұйықтықтарды
көп мөлшерде соруға арналмаған.
c Назар аударыңыз!
Сұйықтықсыз сорғыны қоспаңыз.
c Ылғалды тазалау режимінде пайдаланғаннан кейін әрқашан лас суды төгіңіз және
құрылғыны тазалаңыз. Лас су және ылғал бөлшектер бактериялар мен зеңнің
көбеюіне себеп болуы мүмкін (Тазалау және күтім жасау бөлімін қараңыз).
Мінсіз нәтижелерге жету үшін тек түпнұсқалық тазалау құралдарын
пайдаланыңыз.
Тазалау құралының концентраты қажет болса, оны арнайы дүкеннен немесе THOMAS
фирмасының зауыттық сервис қызметінен сатып ала аласыз.
Ылғалды тазалау
Кілемдерді тазалаудан бұрын
c Ылғалды тазалау режимінде тазалағыңыз келген заттардың бәрінің ол үшін жарамды
екеніне көз жеткізіңіз. Мысалы, қолмен тоқылған жұқа немесе берік емес боялған
кілемдерді ылғалды тазалау режимінде тазалауға болмайды.
Тексеру үшін жуғыш ерітіндіні ақ шүберекке аздап құйып, онымен жуғыңыз келген
кілемдегі көзге аз түсетін жерлердің бірін ысқылаңыз. Егер шүберекте бояу іздері қалмаса,
бояуды берік деп есептеуге болады.
Егер шүберекте бояу іздері қалса, кілемді ылғалды тазалау режимінде тазалауға болмайды.
Әлі де болса сенімді болмасаңыз, арнайы дүкендерге хабарласып, кеңес алыңыз.
Егер кілем бұрын сусабынмен тазаланған болса, THOMAS TWIN AQUAFILTER көмегімен
бірінші рет тазалаған кезде лас су резервуарында қатты көбіктену байқалуы мүмкін. Мұны
болдырмау үшін лас су резервуарына жарты шыны-аяқ сірке су қосу керек.
Егер көбік ауа шығатын тесіктен шықса, құрылғыны дереу өшіріп, лас су резервуарын
босатыңыз.
Жуғыш ерітінді дайындауға арналған THOMAS концентратымен кілемді бір рет ылғалды
тазалау режимінде тазалағаннан кейін қатты көбіктену болмайды, себебі оның құрамында
көбіктенуге қарсы арнайы қоспалар бар.
Ылғал күйде тұрғанда кілемді баспаңыз.
Жылдам кебуді қамтамасыз ету үшін, ылғалды тазалау кезінде және одан кейін бөлмені
жақсылап желдету керек.
Кілемдерді тазалау
– 2 бөлшектен тұратын шашыраудан қорғайтын ендірмені жинаңыз.
– АКВА сүзгісін тұтқасынан ұстап лас су резервуарынан шығарып, шашыраудан қорғайтын
ендірмені орнатыңыз.
– Құрылғыдан HEРА сүзгісін шығарыңыз.
– Құрылғыға шашыраудан қорғайтын ендірмені және лас су резервуарын орнатыңыз. Ылғал
сүзгінің (12а) орнатылғанына назар аударыңыз.
– Толтыру үшін таза су резервуарын шығарыңыз (тігінен жоғары қарай шығарыңыз)
немесе оны тікелей құрылғыда тұрғанда толтырыңыз, ол үшін таза су резервуарының
қақпағын алу керек.
Толтыру кезінде таза су резервуарына бекітпе клапанының жұмысын
бұзуы мүмкін лас заттардың түспеуін қадағалаңыз.
Жуғыш ерітіндіге арналған концентратты және суды тұтқадағы тілшікке дейін (2,4
литрден артық емес) құйыңыз.
Кілемдерді тазалау үшін жуғыш ерітіндіні дайындауға арналған THOMAS
ProTex концентратын ұсынамыз.
Концентрат қаптамасындағы этикеткаға сәйкес қолдану және мөлшерлеу керек.
Жылы суды пайдаланыңыз (30°C-тан артық емес).
Сорғыш шлангіні және телескопиялық сорғыш құбырды жалғаңыз.
Бекітпе клапанды (24) шлангінің бүгілмесіндегі бекіткіштерге (24a) салыңыз. Бекіткіш
клипстер бар экстракциялық шлангіні сорғыш шлангіге бекітіңіз және жылдам
алынатын қосылымды (8) құрылғыға қосыңыз.
Кілемдерді тазалауға арналған бүріккіш саптаманы орнатыңыз, жылдам алынатын
қосылымы бар жуғыш құралды бүркетін шлангіні бекітпе клапанға жалғап, бұрап
бекітіңіз. Жуғыш құралды бүркетін шлангіні сорғыш құбырға екі қысқышпен бекітіңіз.
Желілік айырды құрылғыдан шығарып, розеткаға қосыңыз.
Құрылғыны және сорғыны қосыңыз. Бақылау шамы жанады.
Бекітпе клапанның иінтірегін (24) жуғыш сұйықтық шыққанша басыңыз, ал кілемге
тигізілген саптаманы кілемде тік жолақ бойынша жүргізіңіз. Бүркуді тоқтату үшін,
жолақтың соңында немесе үзіліс жасаған кезде клапанның иінтірегін жіберіңіз.
Шашыраған сұйықтық жиналғаннан кейін, саптаманы көтеріп, алдыңғы жолақты
кішкене басатын етіп жаңа жолақты бастаңыз. Осындай жолақтар бойынша жүргізу
арқылы барлық бетті өңдеуге болады.
Егер тазаланған жолақтарда әлі де болса сұйықтық іздері қалса, сол жерлерді
ерітіндіні қолданбай шаңсорғышпен тағы бір рет өңдеп шығуға болады.
Сору күшін механикалық реттегіштің (25) толық жабулы болуын қадағалаңыз.
Қатты ластанған жерлерде жуғыш сұйықтықты кілемдерге арналған бүріккіш
саптаманы алға қозғаған кезде қолдануға болады. Сонымен қатар, тек сорғыны
қосып, алдын ала өңдей аласыз.
Сұйықтықты тым көп шашыратпаңыз, себебі кілемде ұзақ кептіруден кейін ғана кететін
толқындар мен дөңестіктер пайда болады.
Сұйықтықты бүркіп енгізу арқылы ласты шығару схемасы
c
Жуғыш ерітіндіні қысыммен терең бүркіп енгізу
c
Ласты еріту және талшықтардың бүкіл ұзындығы бойынша шаю
c
Пайдаланылған суды қатты сорып алу және кілемнің түгін түзулеу
Барлығы бір жұмыс операциясында.
Absaugen und
Aufrichten
Arbeitsrichtung
Einsprühen
Saugrohr
Druckleitung
Lösen und Auswaschen
Сорғыш құбыр
Бүркіп енгізу
сору және түзулеу
Жуғыш ерітіндіні қысыммен беру
Жұмыс бағыты
Ласты еріту және шаю
Добавить комментарий