
24
Жалпы нұсқаулар
Сорғыш шлангіні жалғау
– Сорғыш шлангінің қосқыш бөлшегін құрылғы корпусының қақпағындағы сорғыш жалғама
құбырға салып, бекітілгенше бұраңыз.
Сорғыш шлангіні ажырату
– Сорғыш шлангінің қосқыш бөлшегіндегі пернені басыңыз. Қосқыш бөлшекті бұрылыстың
төрттен біріне бұрып, сорғыш жалғама құбырдан шығарыңыз.
– Егер экстракциялық шланг орнатылған болса, оны босатып, жылдам ілінісу пернесін
қосымша басыңыз
Сору күшін механикалық жолмен реттеу
Сору күшін механикалық реттегіштің (ауа ағынын қосымша реттегіштің) көмегімен де сору
күшін азайтуға болады:
Реттегіш жабық = толық сору күші
Реттегіш ашық = азайтылған сору күші.
Ылғалды тазалау немесе су сорыған кезде, қосымша ауа беру жапқышы жабық болуы
тиіс.
Тұрақ (тұратын күй)
- Сорғыш құбырды саптама және шлангімен бірге құрылғы корпусының артқы жағындағы
телескопиялық сорғыш құбырдың кронштейніне салыңыз.
Егер құрылғы тік күйінде сақталатын болса, сорғыш құбырды құрылғы корпусының төменгі
жағындағы кронштейнге салыңыз (босатылған күйде ғана мүмкін).
Жабдықтарды сақтау
Құрылғыны құрғақ тазалау режимінде пайдаланған кезде, таза суға арналған резервуарды
жабдықтарды сақтау үшін пайдалануға болады.
Шаңды құрғақ тазалау
Пайдалануға арналған ақпарат
c Егер АКВА СҮЗГІСІНІҢ жүйесі пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
орнатылмаса, TWIN AQUAFILTER құрылғысын құрғақ тазалау үшін
пайдаланбаңыз. Құрылғы зақымдалуы мүмкін.
c Құрғақ тазалау режимінде сұйықтықтардың көп мөлшерін тартпаңыз.
c Майда шаңды көп мөлшерде тартпаңыз, мысалы, какао ұнтағын, ұнды
және т.б.
АКВА сүзгісін жұмысқа дайындау
Жеткізілген кезде Сіздің TWIN AQUAFILTER құрылғыңыз құрғақ тазалау үшін дайын күйде
болады.
Қақпақ бекіткішін көтеру арқылы корпустың қақпағын ашыңыз.
Лас су резервуарынан АКВА сүзгісін тұтқасынан ұстап шығарыңыз. Лас су резервуарына
1 литр таза су құйыңыз.
АКВА сүзгісінің жиынтығын лас су резервуарының екі бағыттауыш қыры бойынша
толық орнатыңыз. АКВА сүзгісінің периметрі бойынша орналасқан тығыздауыштың лас
су резервуарының ішкі жағына тиіп тұрғанына және ылғал сүзгінің орнатылғанына
назар аударыңыз.
Сорғыш шлангіні жалғаңыз және телескопиялық сорғыш құбырды орнатыңыз. Қажетті
жабдықты орнатыңыз.
Сүзгіні барынша тиімді пайдалану үшін, 40 – 60 минут үздіксіз жұмыс істегеннен
кейін немесе қақпақтың төменгі жағында тамшылар көп мөлшерде пайда болса,
АКВА сүзгісін таза сумен шайып, лас су резервуарындағы суды ауыстыруды ұсынамыз.
Шаң мөлшері көп болғанда (мысалы, қарқынды тазалауда немесе бірінші рет
пайдаланғанда) аквасүзгіні шаюды және ондағы суды ауыстыруды бұрынырақ
орындау керек.
Гигиена ережелерін сақтау үшін, шаңсорғышты әр пайдаланғаннан кейін
АКВА сүзгісі жүйесінен сұйықтықты шығару және оны тазалау керек. Лас су
және ылғал бөлшектер бактериялар мен зеңнің көбеюіне себеп болуы мүмкін
(Тазалау және күтім жасау бөлімін қараңыз).
Добавить комментарий