
16 Қазақша Қазақша 17
Микро құрамдас жүйесі белгілі бір музыка
жанрына оңтайландырылған алдын ала
анықталған эквалайзер баптауларын ұсынады.
1. EQ түймесін басыңыз.
EQ (Эквалайзер) түймесін қайталап басқан
сайын, режим төмендегідей өзгеріп отырады:
OFF;FLAT;RANCHERA;CUMBIA;REGGAE
;MERENGUE;SALSA;REGGATON
;FOLKLORE;PARTY;POP;HIP HOP
;ROCK;JAZZ;CLASSICAL;ELECTRON-
IC;POWER BASS
• Жазып жатқан кезде EQ (Эквалайзер)
түймесі өшеді және өнім автоматты түрде
сөнеді.
• Эквалайзер режимі аймағыңызға
байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Эквалайзер режимін таңдау
Samsung компаниясы болашақта өнімнің жүйелік
микробағдарламасына жаңартулар ұсынуы
мүмкін.
Егер жаңарту ұсынылса, микробағдарлама
жаңартуы сақталған USB құрылғысын өнімдегі
USB портына жалғау арқылы микробағдарламаны
жаңартуға болады.
Егер бірнеше жаңарту файлы болса, оларды USB
құрылғысына бір-бірден жүктеп,
микробағдарламаны жаңарту үшін оларды бір-
бірден пайдалану керек екенін ескеріңіз.
Жаңарту файлдарын жүктеп алу туралы қосымша
ақпарат алу үшін samsung.com веб-сайтына кіріңіз
немесе Samsung байланыс орталығына
хабарласыңыз.
• Микробағдарлама жаңартуы бар USB
құрылғысын негізгі құрылғыдағы USB портына
салыңыз.
• Егер өнім қолдау көрсететін дыбыс файлдары
USB сақтау құрылғысында сақталған болса,
микробағдарламаны жаңарту дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
• Жаңартулар қолданылып жатқанда қуатты
ажыратпаңыз немесе USB құрылғысын
алып тастамаңыз. Микробағдарлама
жаңартылғаннан кейін негізгі құрылғы
автоматты түрде өшеді.
• Жаңартудан кейін барлық параметрлер әдепкі
зауыттық параметрлерге қайта орнатылады.
Параметрлерді жаңартудан кейін оңай
қалпына келтіру үшін оларды жазып
алу ұсынылады. Егер микробағдарлама
жаңартылмаса, USB құрылғысын FAT16/
FAT32 жүйесінде пішімдеп, әрекетті
қайталауды ұсынамыз.
• Бағдарламалық құралды жаңарту
аяқталғаннан кейін өнімді диск салмай
қосыңыз. Дисплейде«NO DISC» хабарламасы
көрсетіледі. Негізгі құрылғыдағы STOP
түймесін 5 секундтан ұзақ басып тұрыңыз.
Дисплейде «INIT» хабарламасы көрсетіліп,
құрылғы өшеді. Жаңарту аяқталады.
• USB құрылғысын NTFS жүйесінде
пішімдемеңіз. Өнім NTFS файл жүйесіне
қолдау көрсетпейді.
• Өндірушіге байланысты кейбір USB
құрылғыларына қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
• Өнімде «DUAL BOOT» функциясы бар.
Микробағдарлама жаңартылмаса, көпшілік
функциялар істен шығып, дисплейде
«UPGRADE FIRMWARE» хабарламасы
көрсетіледі. Микробағдарламаны қайтадан
жаңартыңыз.
Бағдарламалық құралды жаңарту
02875L-MM-J320-RU-KAZ-20170203.indd 17 2017/2/3 9:12:35
Добавить комментарий