
2 Қазақша Қазақша 3
Сақтық шаралары
• Үйіңіздегі айнымалы ток қуатының өнімнің
артындағы анықтама жапсырмасында
көрсетілген талаптарға сай болуын қамтамасыз
етіңіз.
• Өнімді тігінен, тұрақты негізге (жиһазға),
айналасында желдетуге жеткілікті орын (3-4
дюйм/7,5-10 см) қалатындай етіп орнатыңыз.
• Өнімді күшейткіштердің немесе басқа да ыстық
болуы мүмкін жабдықтардың үстіне қоймаңыз.
Желдеткіш саңылауларының жабылмағанын
тексеріңіз.
• Өнімнің үстіне ештеңе қоймаңыз.
• Өнімді қозғалтпас бұрын, диск салынатын
саңылаудың бос болуын қамтамасыз етіңіз.
• Өнімді толығымен өшіру үшін, айнымалы ток
ашасын розеткадан ажыратыңыз. Өнімді ұзақ
уақыт қолданбайтын болсаңыз, айнымалы ток
ашасын розеткадан ажыратыңыз.
• Найзағай кезінде айнымалы ток ашасын
розеткадан ажыратыңыз. Найзағайға
байланысты кернеудің кенет артуы өнімге зақым
келтіруі мүмкін.
• Өнімді тікелей күн сәулесінен немесе басқа
қызу көздерінен қорғаңыз. Бұл өнімнің шамадан
тыс қызып кетуіне және дұрыс жұмыс істемеуіне
әкелуі мүмкін.
• Өнімді ылғалдан және шамадан тыс ыстықтан
және күшті магнит немесе электр өрістерін
шығаратын жабдықтан (мыс., микрофондар)
қорғаңыз.
• Өнім дұрыс жұмыс істемесе, қуат кабелін
айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз.
• Бұл өнім тек жеке мақсатта қолдануға арналған.
Ол өндірістік мақсатта қолдануға арналмаған.
• Өнім немесе диск салқын температураларда
сақталған болса, конденсат түзілуі мүмкін.
Өнімді қыс кезінде тасымалдасаңыз, қолдану
алдында өнім бөлме температурасына
жеткенше шамамен 2 сағат күтіңіз.
• Өнімде пайдаланылатын батареялардың
құрамында қоршаған ортаға зиянды химиялық
заттар бар. Батареяларды жалпы тұрмыстық
қоқыспен бірге тастамаңыз.
• Жақсы стерео дыбысты қамтамасыз ету үшін
динамиктерді жүйенің екі жағына жеткілікті
қашықтыққа қойыңыз.
• Өнімге еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы
тиіс. Өнімге вазалар сияқты сұйықтық құйылған
заттарды қоймаңыз.
• Жабдықты толығымен өшіру үшін, оны
розеткадан ажырату керек. Сондықтан, розетка
Дискілерді сақтау және басқару
• Дискілерді қолмен ұстау
-Дискідегі саусақ іздері немесе сызаттар
дыбыстың және суреттің сапасын
төмендетуі немесе кейбір үзінділердің
өткізіп жіберілуіне себеп болуы мүмкін.
-Дискінің деректер жазылған
бетін ұстамауға тырысыңыз.
-Дискіні бетіне саусақтар
тимейтіндей етіп шетінен ұстаңыз.
- Дискіге қағаз немесе таспа жапсырмаңыз.
• Дискілерді тазалау
-Дискіде саусақ іздері немесе кір болса,
оны су араластырылған жұмсақ тазалау
құралымен тазартып, жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
-Тазалағанда дискінің ішінен
сыртына қарай сүртіңіз.
• Дискіні сақтау
-Күн сәулесі тікелей түсетін
жерде сақтамаңыз.
-Жақсы желдетілетін салқын жерде
сақтаңыз.
-Таза қорғаныш қаптамасына салып, тігінен
қойып сақтаңыз.
• Өнімнің ішіндегі суық бөлшектерге жылы
ауа тисе, конденсат түзілуі мүмкін. Өнімнің
ішінде конденсация түзілгенде, ол дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Мұндай жағдай
туындаса, дискіні шығарып алып, өнімді
қуаты қосылған күйі 1-2 сағат қойыңыз.
мен штепсельдік ұш әрқашан қол оңай жететін
жерде болуы керек.
• Тек жерге дұрыс тұйықталған аша мен
розетканы қолданыңыз.
-Жерге дұрыс тұйықталмаған жағдайда ток
соғуы немесе жабдық зақымдануы мүмкін. (Тек
l класты жабдықтар.)
02875L-MM-J320-RU-KAZ-20170203.indd 3 2017/2/3 9:12:32
Добавить комментарий