
RO-5701
KAZ
19
Жылыту типін таңдау
HEATING тұтқасының қалпы қандай жылыту элементтерінің
қосылатындығын анықтайды
1. OFF — барлық жылыту элементтері сөндірілген.
2. — тек үстінгі жылыту элементі ғана қосылған. Бұл
режим балықты, стейк, құстың еті, шошқа етін және т.б.
қуыруға пайдаланылады.
3. — тек төменгі жылыту элементі ғана қосылған. Бұл
режим торттар, бәліштер, печенье және т. б. пісіру үшін
пайдаланылады.
4.
— үстіңгі және астыңғы жылыту элементтері қо-
сылған. Бұл режим нанды, кекстерді, пиццаларды және
т.б. қуыруға пайдаланылады.
Жұмыс режимін таңдау
FUNCTION тұтқасының қалпы жұмыстың қандай режимі қо-
сылатындығын анықтайды:
1. OFF — жұмыстың барлық режимдері сөндірілген
2. — «Конвекция» режимі қосулы
3. — («Қақтама») «Гриль» режимі қосулы
4.
— («Конвекция + қақтама») «Гриль + конвекция»
режимі қосулы
Дайындау уақытын таңдау
Дайындау уақытын таңдау TIMER тұтқасын 0-ден 60 минут
аралығында бұрумен жүзеге асырылады. Тұтқаны бұру кезін-
де POWER жылытуды жағу индикаторы жанады, жұмыс ка-
мерасы жарықтанады, уақыттың кері есебі жүреді. Таңдалған
уақыт өткенде немесе тұтқаны күшпен OFF қалпына бұрған
кезде дыбыстық сигнал ойнайды және жылыту тоқтайды
(POWER жылытуды жағу индикаторы сөнеді және жұмыс
камерасының жарығы да сөнеді).
Таймердің 0-ден 10 минутқа дейін диапозонда дұрыс жұмыс
жасауы үшін ең алдымен уақыт мәнін 20 минуттан артық
емес қою керек, артынан 0-ден 10 минутқа дейінгі қалыпқа
оралу керек.
Қаңылтыр таба мен торларды пайдалану
Торлар мен қаңылтыр табалар оған дайындалатын өнімдерді
салу үшін пайдаланылады.
•
— жоғарғы жылыту элементінің қосылуымен ре-
жимді таңдау кезінде өнімдер салынған торды (қаңылтыр
табаны) тигізбей үстіңгі жылыту элементіне немқұрлым
жақын орналастыру керек.
•
— төменгі жылыту элементінің қосылуымен режимді
таңдау кезінде өнімдер салынған торды (қаңылтыр та-
баны) тигізбей төменгі жылыту элементіне немқұрлым
жақын орналастыру керек.
•
— жоғарғы және төменгі жылыту элементінің қо-
сылуымен режимді таңдау кезінде өнімдер салынған
торды (қаңылтыр табаны) аспап камерасының ортасына
орналастыру керек. Қаңылтыр табаны ағатын май мен
ластанудан төменгі жылыту элементін қорғау үшін әр-
дайым тордың астына орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қаңылтыр таба мен тор жұмыс кезін-
де қызиды, оларды жинақтың ішіне кіретін арнайы тұтқа-
мен жұмыс камерасынан алып шығыңыз. Тұтқа қаңылтыр
табаға арналған үлкен ұстағышқа және торға арналған
кішкентай ұстағышқа ие.
Добавить комментарий