
22
реттеуге болады. Тағайындалу бойынша әзірлеу уақыты — 1 сағат. Стартты кейінге қалдыру
және автожылыту функциялары қол жетімсіз.
18. «ХЛЕБ С ДОБАВКАМИ» («ҚОСПАЛАР ҚОСЫЛҒАН НАН») бағдарламасы
Әр түрлі қоспалар қосылған нан пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды
араластыруды, көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабықша түсін
таңдауға болады, стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімді.
Уақытты қолмен реттеу функциясы жоқ.
19. «РЖАНОЙ ХЛЕБ» («ҚАРА БИДАЙ НАНЫ») бағдарламасы
Қара бидай ұнынан нан пісіру үшін ұсынылады. Бағдарлама қамырды араластыруды,
көтеруді және нан пісіруді қамтиды. Өнім салмағын және қабықша түсін таңдауға болады,
стартты кейінге қалдыру және автожылыту функциялары қол жетімді. Уақытты қолмен
реттеу функциясы жоқ.
Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгі үшін дайындалған, РЕДМОНД RBM-M19011 нан
пісіргішіне қоса тіркелетін аспаздық кітаптағы рецептілерді пайдалануды ұсынамыз.
Сәйкес рецептілерді сіз сонымен қатар www.redmond.company сайтында таба аласыз.
I V. НАН ПІСІРУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
Қамыр консистенциясы
Егер қамыр жұмыс ыдысының бүйірлік беттеріне жабысса, қабырғаларға ұн себіңіз. Егер
қамыр өте құрғақ болса, бір ас қасық жылы су қосыңыз. Ыдыстың бүйірлік беттеріне
жабысқан барлық ингредиенттерді ағаш немесе пластикті қасықпен тазартуға болады. Бұл
мақсатта металл заттар пайдаланбаңыз — олар қалыптың күюге қарсы жабынын зақымдауы
мүмкін. Қақпақты қажетті уақыттан ұзақ ашық қалдырмаңыз.
Пісіру үрдісінің ерекшеліктері
На пісіргіште пісірілген нанның дәмі мен құрылымына көптеген факторлар әсер етеді:
ингредиенттер сипаты, асханадағы температура, атмосфералық қысым. Нан пісірудің жеке
рецептіңізді қолданған кезде осы нұсқаулықта келтірілген өнімдерді салу және бағдарлама
таңдау жөніндегі нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз. Басқа нан пісіргіштерге арналған
аспаздық кітаптардағы рецептілерді пайдаланған кезде 500, 750 немесе 1000 грамм дайын
нан салмағына бейімделіңіз. Жұмыс ыдысын ширек бөліктен асыра немесе, аса қажет
жағдайда, үштен бір бөлігінен асыра толтырмаңыз. Өзге жағдайда көтерілген кезде қамыр
қалып жиектерінен қыздырғыш камераға төгіліп, қыздырғыш элементке түсуі және жетекті
ластауы мүмкін, бұл, өз кезегінде, аспаптың сынуына алып келеді.
V. АСПАП КҮТІМІ
Аспапты тазарту алдында аспаптың электр желісінен ажыратылғандығына және толық
салқындағанына көз жеткізіңіз. Әр пайдаланғаннан кейін қалып пен аспаптың ішкі беттерін
мұқият тазартыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап корпусын және электрлік қоректену сымын суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз. Нан пісіргіш және оның бөлшектері ыдыс жуу машинасында
жууға жарамсыз.
1.
Қақпақты ашып, пісіруге арналған қалыпты шығарыңыз, ол үшін оны тұтқасынан аздап
сағат тіліне қарсы бұрап, жоғары тарту керек.
2.
Араластыруға арналған қалақты шешіңіз. Егер қалақ біліктен шешілмесе, пісіруге
арналған қалыпқа жылы су құйып, біршама уақытқа қалдырыңыз. Бұл жабысып қалған
қамырды жібітіп, қалақ жеңіл алынады.
3. Өлшеуіш ыдысты, өлшеуіш қасықты, пісіруге арналған қалыпты және қалақты жұмсақ
жуу құралын қолданумен ыстық суда жуыңыз. Егер араластыруға арналған қалақтың
ішкі бөлігі ластанған болса, оны біршама уақытқа ыстық суға салып, кейін ақырындап
тазартыңыз.
4.
Бұйымның ішкі беті мен корпусын жұмсақ дымқыл асханалық майлықпен немесе
ысқышпен сүртіңіз. Нәзік тазартқыш құралды пайдалануға болады. Корпуста су
ақпалары мен сызаттардың алдын алу үшін оны құрғақ қылып сүртуді ұсынамыз. Жуу
құралын ысқышпен немесе шүберекпен толықтай сүртіңіз, әйтпесе кейін ол пісірме
дәміне әсер етуі мүмкін.
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңіргіштер абразивті паста
ларды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сондай-ақ кез келген химиялық грессивті немесе
асқа жанасатын заттармен бірге қолдануға кеңес берілмеген басқа да заттарды
қолдануға болмайды.
Нан пісіргішті қайта пайдаланар алдында немесе оны сақтауға жинар алдында барлық
бөлшектердің құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
Пісіруге арналған қалыпты пайдалану
Пісіруге арналған қалыпқа және қалақшаға дақтардың пайда болуының алдын алатын
және нанның алынуын жеңілдететін күюге қарсы жабын жағылған. Беттің зақымдануының
алдын алу үшін төменде келтірілген нұсқаулықтарды сақтаңыз.
1. Нанды ыдыстан алған кезде металл немесе өткір аспаптарды (мысалы, пышақ немесе
айыр) пайдаланбаңыз.
2.
Нан бөлкесін кесу алдында оның ішінде араластыруға арналған қалақтың жоқ
екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қалақ іште болса, нан салқындағанша күтіп, қалақты
арнайы ілмекпен шығарыңыз. Араластыруға арналған қалақпен абай болыңыз, себебі
ол ыстық болуы мүмкін.
3.
Пісіруге арналған қалыпты және қалақты тазартқан кезде жұмсақ ысқышты
пайдаланыңыз. Қандай да бір абразивті заттарды (мысалы, тазартқыш ұнтақ) немесе
қаттыысқыштар пайдаланбаңыз.
4.
Қатты, ірі дәнді немесе ірі ингредиенттер (мысалы, иленбеген ұн, қант, жаңғақтар
немесе дәндер) әзірлеуге арналған ыдыстың күюге қарсы жабынын зақымдауы
мүмкін. Ингредиенттердің көп мөлшерін пайдаланған кезде оларды шағын бөліктерге
Добавить комментарий