
20
Аспапты – муфтасын және/немесе қозғалтқыш білігін жаппастан қосуға ТЫЙЫМ СА-
ЛЫНАДЫ! Егер еттартқыш блогы пайдаланылмаса, аспапты іске қосар алдында қорға-
ныш бітеуіштердің орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Аспаптың бірнеше көп функциясын бір уақытта пайдаланбаңыз.
Әр-түрлі саптамалармен жұмыс жасау жөніндегі ұсынымдар
A9
кестесінде (10 бет)
келтірілген. Сондай-ақ жиынтыққа кіретін рецепттер кітабының нұсқауларын орындаңыз.
1. Аспапты электр желісіне қосыңыз, дыбыстық сигнал естіледі және дисплейде нөлдік
мәндер көрсетіледі. Жұмысқа дайындық индикаторы мезгіл сайын жанып тұрады.
Аспап күту режимінде.
2.
және түймелері көмегімен қажетті жұмыс уақытын 30 секундтан 30 минутқа
дейінгі диапазонға орнату қажет. Ауыстырып қосу шеңбер бойынша жүреді. Жылдам
өзгерту үшін сәйкес түймені басып, ұстап тұрыңыз.
Уақытты 00:00-ге орнатқанда, дисплейде жұмыс уақытын тікелей секундтық есептеу
көрсетіледі.
3. Қажетті жұмыс жылдамдығын таңдау үшін реттегішті пайдаланыңыз, жұмысқа дай-
ындық индикатор сөнеді. Дисплейде аспаптың жұмыс уақытының секундтық кері
есептік жүргізіледі. Реттегіш шкаласының толықтығы ағымдағы жұмыс жылдамдығын
көрсетеді.
Өңдеуді ең төмен жылдамдықта бастаңыз да, қажетінше жылдамдығын арттырып
отырыңыз. Көпіршіткен кезде азық-түліктің көлемі ұлғаюы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
Миксерді пайдаланған кезде олардың ыдыстарын жартысынан аспайтын мөлшерде
толтырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспаптың үзіліссіз жұмыс істеуінің уақыты 30 минутпен шектелген.
Ұсынылатын жұмыс уақыты 10 минуттан аспайды, қосулар арасындағы үзіліс — 15 минут.
4.
Аспаппен импульстік тәртіптемеде жұмыс жасау үшін реттегішті «Р» қалпына келтіріп,
1–2 секунд үзілістермен 3–5 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Қозғалтқыш
ең жоғары жылдамдықта жұмыс істейді. Бұл тәртіптеме азық-түлікті өңдеу үдерісін
жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді.
Еттартқышпен жұмыс істегенде импульстік режимді қолдану ұсынылмайды.
Механикалық сынудан сақтану үшін жылдамдықты реттегішті шеткі жағдайдан әрі
бұрпаңыз!
5.
Жұмысты үзу қажет болса, реттегішті «0» күйіне ауыстырыңыз, реттегіш шкаласы өшеді.
Аспап күту режиміне өтеді.
6. Белгіленген уақыт аяқталған соң, аспап жұмысын тоқтатады және алты рет дыбыстық
сигнал шығарады. Реттегіш шкаласы жыпылықтайды. Реттегішті «0» күйіне ауысты-
рыңыз, аспап күту режиміне өтеді.
7. Аспапты электр желісінен ажыратыңыз, құрылғының барлық индикациясы сөнеді.
Миксерді пайдалану
Аспаптың жеткізілім жиынтығына — миксерге арналған үш саптама кіреді:
•
сыпырғыш-саптама кілегейді, жұмыртқаны көпіршітеді, үлпілдек кремдер, мусстар,
әр-түрлі десерттер әзірлеуге мүмкіндік береді;
•
көпіршітуге арналған саптама кремдер, әйнекейлер, сұйық салындылар және тұздықтар
әзірлеу үшін пайдаланылады;
•
қамыр араластыруға арналған саптама қою ашытқы қамырды илеуге мүмкіндік береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Саптамаларын ауыстырмас бұрын аспапты міндетті түрде электр
желісінен ажыратыңыз.
Миксермен жұмыс істеген кезде, жиынтығына кіретін тостағанды ғана пайдаланыңыз.
Басқа ыдыс пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Тостағанды қақпақсыз пайдаланбауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Қалың қоспаларды дайындау үшін қондырма-тәжді пайдаланбаңыз, бұл оның сынуына
әкелуі мүмкін.
Көпіршітілуге арналған жұмыртқалардың саны үш данадан кем болмауына назар ауда-
рыңыз.
Іске қосар алдында орнатылған қондырма ыдысқа жеткеніне көз жеткізіңіз. Қажет
болса, өнім мөлшерін ұлғайтыңыз.
Миксерді құрастыру және пайдалану тәртібін A2 сұлбасында (4 бет) қараңыз.
Негізгі блокты көтеру/түсіру үшін, тұтқышты тірелгенше басыңыз.
Негізгі блокты түсіргенде мұқият болыңыз, саусақтарды салыңыз!
Тостағанды орнату үшін, оның дөңестерін аспаптағы ойықтарға келтіріп, сағат тілінің
бағытымен бұраңыз. Ыдысты алып тастау үшін оны сағат тіліне қарсы бұраңыз.
Қажетті саптаманы таңдап, оны саптама бекіткіштің саңылауына тірелгенше салыңыз да
(саптама білігіндегі дөңестер бекіткіштің ойықтарына кіруі тиіс), сағат тілінің бағытымен
жайлап бұраңыз. Саптаманы шешу үшін, негізгі блокты ұстап тұрып оны астынан үстіне
қарай басыңыз да, сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
Еттартқыштың пайдалану
Ет тартқышты құрастыру және әр-түрлі саптамалармен бірге пайдалану тәртібін тиісті
сұлбаларда қараңыз:
• A3 (5 бет) — фаршты дайындау;
• A4 (6 бет) — кішкене шұжықтарды дайындау;
• A5 (7 бет) — кеббені дайындау (фаршталған кішкене шұжықтар).
• A6 (8 бет) — қамырдан жасалған өнімдерді қалыптауға.
Добавить комментарий