
CM737
1
RUS
KAZ
KAZ
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, оны
анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің
мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
•
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын және бұйымды пайдалану
ережелерін сақтамаудан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
•
Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде, емес пайда-
ланудың кез келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла алады.
Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген мақсатсыз пайдалану бұй-
ымды тиісті түрде пайдалану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл
жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
•
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның кернеуі аспаптың
номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техника-
лық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
•
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолданыңыз: пара-
метрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің жануы-
на әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана қосыңыз, — бұл электр
қауіпсіздігінің міндетті талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның
жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
•
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе тасымал-
даған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес, штепселі-
нен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
•
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көздерінің
жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін,
үшкір заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі зақымда-
луы кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен
қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Зақымдалған электр кабелі сервис-орталықта жедел ауысты-
руды талап етеді.
•
Азық салынған табақты жұмсақ және ыстыққа төзбейтін бетке орнат-
паңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз, бұл құрылғының жұмысының
бұзылуына және сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады: құрылғы корпусының
ішіне су немесе бөгде заттардың түсуі оны қатты зақымдауы мүмкін.
•
Бұл құрылғы теңіз деңгейінен максималды 2000 метрге дейін болған
биіктікте пайдалануға арналған.
•
Аспапты тазалар алдында оның электр желісінен өшіріліп, толық суығаны-
на көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқауларды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
•
Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар неме-
се тәжірибесі мен білімі жетіспейтін адамдардың (оның ішінде балалар-
дың) қолдануына арналмаған, мұндай тұлғалар қадағаланып, олардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға осы аспапты қолдануға қатысты
нұсқау жасалған жағдайлардан басқа. Балалардың аспаппен, оның жи-
нақтаушыларымен, сонымен қатар зауыттық орамымен ойнауына жол
бермеу мақсатында қадағалап отыру қажет. Құрылғыны тазалау және
қызмет көрсетуді балалар ересектердің қарауынсыз жасамауы тиіс.
•
Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
тыйым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұ-
мыстарды авторландырылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз
жасалған жұмыс аспаптың бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануы-
на әкеліп соқтыруы мүмкін.
Добавить комментарий