
17
ОРНАТУ
ҚАЗАҚША
2
Шлангіні келтеқұбырдан жоғары қарай
бағыттап, келтеқұбырды шағын кір
жуғыштың артындағы ағызу саңылауына
кіргізіңіз.
3
Шлангіні орнында қауіпсіз ұстап, төгілуіне
жол бермеу үшін, таспалы қамытты
дұрыстаңыз.
Ағызу жалғағышын жалғау
1
Жинақта берілген таспалы қамыттарды екі
ағызу шлангісінің ұштарына кигізіңіз.
2
Негізгі кір жуғыш машина мен шағын кір
жуғыштың ағызу шлангісін ағызу
коннекторына жалғаңыз.
3
Ағызу шлангісін кір жуатын шұңғылшаға
немесе жұмыс үстелінің үстіңгі
фитингісіндегі ағызу төлкесіне жалғаңыз.
• Шлангілердің босап кетуін немесе судың ағып
кетуін болдырмау үшін таспалы қамыттарды
реттеңіз. Кері жағдайда, су жайылып кетуі
мүмкін. Ағызу коннекторын пайдалансаңыз,
суды қотарудың, жағымсыз иістердің және
қате ағызудың алдын аласыз.
• Ағызу шлангілерінің бұралмағанына және
қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз. Бұл
ағызу кезінде туындайтын ақаулардың
немесе шуылдың ықтимал себебі болып
табылады.
• Орнату ортасына байланысты бөлек ағызу
шлангісінің жалғағышын сатып алу қажет
болуы мүмкін. Берілген жалғағыш стандартты
кір жуатын науаның бүйір жағындағы ағызу
саңылауына сәйкес келеді.
Құрылғының деңгейін
туралау
Деңгейін тексеру
Құрылғының үстіңгі бетінің жиектерін
диагональді бағытта итергенде, құрылғы
жоғары не төмен жылжытуға болмайды (екі
бағытты да тексеріңіз).
• Егер құрылғының үстіңгі бетін диагональді
бағытта итергенде, шайқалса, аяқтарын
қайта тексеріңіз.
• Орнатқаннан кейін құрылғының өте жақсы
тураланғанын тексеріңіз.
• Ағаш немесе аспалы едендер шамадан тыс
діріл мен теңгерімсіздікке ықпал етуі мүмкін.
Шамадан тыс шу мен дірілді тоқтату немесе
азайту үшін ағаш еденді күшейту немесе
бекіту туралы мәселені қарастыру қажет
болуы мүмкін.
Аяқтарын реттеу және
туралау
Құрылғы орнатылған кезде, құрылғы түзу және
дәл тураланған болуы қажет. Құрылғы тиісті
деңгейде тураланбаса және түзу болмаса,
құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
kk_main.book.book Page 17 Thursday, September 2, 2021 3:31 PM
Добавить комментарий