
4
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР
Робот-шаңсорғышты пайдаланылмаған уақытта және техникалық
қызмет көрсетер алдында сөндіріңіз және электр қуат беру желісінен
ажыратып қойыңыз.
Роботты қауіпсіздігіне жауапты адамның тікелей бақылауында
болған жағдайларды қоспағанда, денелік немесе ақыл-ой кемістігі
бар адамдардың (соның ішінде балалар), сондай-ақ тәжірибесі мен
қажетті білімі жоқ адамдардың пайдалануына тыйым салынады.
Экстремалды пайдалану немесе сақтау алдында қуат беру
элементтерінен электролиттің ағып кетуі ықтимал. Сұйықтық теріге
түскенде оны дереу сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге түскенде оны
таза сумен 10 минут бойы мұқият жуыңыз және медициналық көмекке
жүгініңіз.
Робот-шаңсорғыш сирек және болжанбаған жағдайларда қызып кету,
тұтану немесе басқа да ақауларға себеп болуы мүмкін электронды
құрамдауыштардан құралады. Бұдан басқа, робот дербес түрде
орын ауыстыруға қабілетті болғандықтан, оны пайдалану жиһазға, үй
жануарлары мен адамдарға соғылу қаупімен қатар жүреді. Сонымен
қатар, еденде жатқан ұсақ бағалы заттар, әшекейлер, адамдардың
шаштары мен үй жануарларының түгі сияқты заттарды абайсызда
сору ықтималдығы бар.
Егер робот-шаңсорғыш немесе оның зарядтау станциясы қандай да
бір түрде зақымдалған болса, оларды іске қоспаңыз. Көмек алу үшін
біздің қолдау қызметімізге жүгініңіз.
Робот-шаңсорғыш немесе оның зарядтау станциясын ылғалды
қолмен ұстамаңыз; тек құрғақ беттерде ғана пайдаланыңыз.
Зарядтау станциясын баусымынан ұстап тартпаңыз және
тасымалдамаңыз, баусымды есікпен қыспаңыз, оны өткір жиектер
немесе бұрыштар арқылы тартпаңыз. Баусымды қызған беттерден
қашықтықта ұстаңыз. Ашаны розеткадан суыру үшін баусымнан емес,
ашасынан ұстап тарту керек.
Робот-шаңсорғыштың SLAM LiDAR модулін тура түскен күн сәулесі
немесе инфрақызыл сәулелену әсеріне ұшыратпаңыз.
Робот-шаңсорғыштың құлауына жол бермеңіз.
Құлау SLAM LiDAR модулін зақымдауы мүмкін.
SLAM LiDAR модулінің айналып тұратын сәуле шығаратын бөлігіне
тура қарамаңыз.
Өз қауіпсіздігіңіз мақсатында SLAM LiDAR айналмалы бөлігіне
құралдар, саусақ немесе басқа заттарды кіргізбеңіз.
Зарядтау станциясын ашуға тырыспаңыз.
Станцияны жөндеуді тек білікті мамандарымыз ғана жүргізуі керек.
Робот-шаңсорғыштың қандай да бір бөліктерін, ылғалды тазалауға
арналған қондырмасын қоспағанда, суға батырмаңыз.
Аккумуляторды зақымдамаңыз және өртемеңіз, өйткені ол жоғары
температураларда жарылуы мүмкін.
Құрал үйде пайдалануға арналған.
Робот-шаңсорғышты автомобильде сақтамаңыз.
Робот-шаңсорғышты немесе оның зарядтау станциясын 45°C-ден
жоғары температураның, ылғал немесе судың әсеріне ұшыратпаңыз.
Аккумуляторды отқа тастамаңыз. Ескі аккумуляторларды жергілікті
қайта өңдеу қызметі арқылы қауіпсіз кәдеге жарату керек.
Робот-шаңсорғыштың ішіне ашық жалын көздерінің, жалындаған
заттардың, темекі, шырпы немесе жанған ыстық күлді қоса алғанда,
түсуіне жол бермеу керек.
Зақымдауды анықтау үшін робот және зарядтау станциясын тұрақты
түрде қарап тексеріп отырыңыз.
Для чего кнопки и индикация на крышке пылесоса!