
24
KZ
Күтім және тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тазалау алдында аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Тазалау
Тоңазытқышты азық-түлік аз немесе мүлдем сақталмаған кезде тазалаңыз.
Тоңазытқышты дұрыс техникалық күйде ұстау және онда сақталған өнімдердің
нашарлауына жол бермеу үшін оны кем дегенде төрт аптада бір рет тазалап
отыру керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
fТоңазытқышты тазалау үшін қатты немесе сым щеткаларын, тазартқыш
құралдарды, бензинді, амилацетатты, ацетонды және ұқсас органикалық
еріткіштерді, сондай-ақ қышқыл немесе сілтілі еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Зақымдануды болдырмау үшін тоңазытқышты арнайы жуғыш затпен
тазалаңыз.
fТазалау кезінде тоңазытқышқа ештеңе шашпаңыз немесе құймаңыз.
fТоңазытқышты тазалау үшін су шаңын немесе буды пайдаланбаңыз.
fТоңазытқыштың салқын шыны сөрелерін ыстық сумен жумаңыз.
Температураның күрт өзгеруі кезінде әйнек жарылып кетуі мүмкін.
fМұздатқыштың ішкі бетіне, әсіресе дымқыл қолдарыңызды тигізбеңіз,
өйткені қолдар оның беттеріне қатып қалуы мүмкін.
fЕгер жылу пайда болса, мұздатылған тағамның күйін тексеріңіз.
fӘрқашан есіктердегі тығыздағышты таза
ұстаңыз.
fАспапты ішінен және сыртынан бейтарап
жуғыш затпен жылы суға малынған ысқышпен
тазалаңыз.
1. Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін,
соның ішінде есік тығыздағышын, есік
сөрелерін, шыны сөрелерді, жәшіктерді және
т.б. жылы суға малынған жұмсақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз (суға
бейтарап жуғыш зат қосуға болады).
2. Егер сұйықтық төгілсе, барлық ластанған заттарды алып тастаңыз, оларды су
ағынының астында жуыңыз, құрғатыңыз және қайтадан тоңазытқышқа салыңыз.
3. Егер қалың зат төгілсе (мысалы, кілегей, еріген балмұздақ), барлық ластанған
заттарды алып тастау керек, оларды шамамен 40 °C жылы суға біраз уақыт
салып, содан кейін ағынды сумен шайып, кептіріп, қайтадан тоңазытқышқа
салыңыз.
Добавить комментарий