
KAZ
31
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Уақыт мәнінің алдында қыздыру процесінің қажетті температураға дейін
басталуын хабарлайтын айналма үзік-үзік сызықты символ пайда болады.
Қызу кезінде қысым жұмыс мәніне жеткен кезде қысымды қолдау режимі
іске қосылады, айналма үзік-үзік сызықты символ сөнеді, «:» жылтылдау-
шы бөлетін сегменті кезінде кері минут сайынғы уақыт санағы басталады.
7.2.3 Дайындалу процесі аяқталғаннан кейін сигнал дыбысталады, дис-
плейде «bb» бейнеленеді және электр құралы авоматты түрде «ТЕМПЕРА-
ТУРАНЫ ҚОЛДАУ» режиміне ауысады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «ТЕМПЕРАТУРАНЫ ҚОЛДАУ» режимінің дайын-
дау процесі аяқталғанша дейін автоматты іске қосылуы тағамды дай-
ындацу бағдарламасының қате таңдалғандығын немесе тостағанның
жеткіліксіз мөлшердегі сұйықтықпен толтырылғанын білдіреді. Дайын-
дау бағдарламасын және сұйықтық деңгейінің дайындау рецептурасына
сәйкестігін тексеріңіз. Дайындау процесін жалғастыру үшін «ДОҒАРУ/
ТЕМПЕРАТУРАНЫ ҚОЛДАУ» батырмасын басыңыз, тостағанның көлемі
жеткілікті сұйықтық деңгейімен толтырылғандығына көз жеткізе оты-
рып, қажетті бағдарламаны қайта таңдаңыз. Дайындау уақытын «+»/«-»
батырмаларының көмегімен түзетіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тостағаннан өнімдерді шығару үшін электр
құралымен жеткізілетін қасықты қолдану ұсынылады.
Термистік күюді болдырмау үшін, дайындау уақытында және тағамды
дайындағаннан кейін бірден тостағанға және электр құралына тікелей
жанасудан сақ болыңыз! Тостағанды дайындау процесі аяқталғаннан кейін
электр құралынан бірден алып шықпаңыз! Оның суытыңыз.
7.3 Электр құралының сипаттамасы, бағдарламалары мен атқарымдары
7.3.1 Кейiнге қалдырылған бастау
Тағам дайындау үшін Сіз «КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН БАСТАУ» батырмасын
басыңыз. Мәселен, егер Сіз тағам таңғы асқа дайын болуын қаласаңыз,
Сіз өнімдердің тиісті рецептін құралға орналастырыңыз және «КЕЙІНГЕ
ҚАЛДЫРЫЛҒАН БАСТУ» атқарымын орнатыңыз. Ол үшін «КЕЙІНГЕ
ҚАЛДЫРЫЛҒАН БАСТАУ» батырмасын басыңыз, «+»/«-» батырмаларының
көмегімен немесе «КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН БАСТАУ» батырмасын
бірнеше рет басумен қажетті уақытты қойыңыз. Одан кейін Сізге қажетті
бағдарламаны таңдаңыз. Кідіріс 30 минуттан 24 сағатқа дейін 30 ми-
нут қадамымен қойылуы мүмкін. Уақытты орнатқаннан кейін таңдалған
бағдарламаның және «КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН БАСТАУ» атқарымының
индикаторы жанады. Дисплейде дайындалу процесінің басталуына дейінгі
уақыт бейнеленеді. Бөлетін сегмент «:» жылтылдай бастайды, кері санау
басталады.
7.3.2 Бағдарламалардың жұмысын доғару және тоқтата тұру
Бағдарламалардың жұмысын тоқтату және доғару үшін Сіз «ДОҒАРУ/ТЕМ-
ПЕРАТУРАНЫ ҚОЛДАУ» батырмасын пайдалана аласыз. «ТЕМПЕРАТУРАНЫ
ҚОЛДАУ» Әрбір дайындалу уақыты аяқталғаннан кейінавтоматты түрде
Добавить комментарий