
KAZ
23
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
GALAXY GL2651 мультипісіргіш-жылдам қайнатқыш (ары қарай мәтін бой
-
ынша – курал, электр құралы, бұйым) әр түрлі тағамдарды дайындауға
арналған, көптеген тұрмыстық құралдардың орнын ауыстыруға қабілетті
заманауи көп атқарымдық құрылғыны білдіреді. Мультипісіргіш-жылдам
қайнатқыш газ немесе электрлі плита, тұмпапеш, пеш, буқазан, ыдыстарды
зарарсыздандыруға арналған құрал секілді құралдарды және басқаларды
ауыстыруға қабілетті. Мультипісіргіште-тез пісіргіште тағамды дайындау
жылдамдығы әдеттегі плитаға қарағанда әлдеқайда жоғарырақ болады,
соның арқасында өнімдердің құнарлы заттары үлкен деңгейде сақталады.
Көлемі 5 л күйікке қарсы жабынмен алынбалы тостаған, буда дайындауға
арналған ыдыс, өлшегіш стақан және жиынтықтағы қасық құралды қолайлы
пайдаланумен қамтамасыз етеді. Жиынтықта жеткізілетін рецепттер кітабы
Сіздің отбасыңыздың тамақтану рационын түрлендіреді.
Өнім Кедендік одақтың келесі техникалық регламенттеріне
сәйкес болады:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы
№768 Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен воль-
тты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық
регламентіне;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879
Шешімімен бекітілген ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың
электромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының техникалық регламентіне;
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2019 жылдың 18
қазанындағы №113 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық
одақтың ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника және радиоэлектроника
бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техникалық
регламенті.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық қызметтік мерзімі
ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған бұйым осы нұсқаулықтан оның
пайдаланылуына әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге ие болуы мүмкін.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 Кесте
Параметрдің атауы Мәні
Номиналды кернеу 220-240 В ~
Номиналды жиілік 50 Гц
Номиналды тұтыну қуаты 900 Вт
Қуат беру баусымының ұзындығы 115 см
Электр тоғымен зақымдалудан қорғаныс класы I
Добавить комментарий