
4 ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысы на тек келесі
шарттарды сақтаған кезде ғана кепілдік беріледі:
4.1 Бұйымның корпусын және оның жекелей бөліктерін суға және басқа
да сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
4.2 Бұйымды қуат беру желісіне қосудың алдында желі параметрлерінің
осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мәндерге сәйкес
екендіктеріне көз жеткізіп алыңыз.
4.3 Бұйымды желіден ажырату кезінде қуат беру баусымынан емес ашадан
ұстау керек.
4.4 Құрал физикалық, сенсорлық немесе ойлау қабілеттері төмендеген
немесе оларда өмірлік тәжірибе мен білімдері болмаса, егер олар қарауда
болмаса немесе оларға олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар арқылы
құралды қолдану жөніндегі нұсқамалық жүргізілмесе, тұлғалармен
балаларды қоса алғанда) қолданылуға арналмаған. Балалар құралмен
ойнауына жол бермеу үшін қарауда болуы керк. Егер ол тіпті желіден
ажыратылған болса да, балалардың бұйымға жанасуларына рұқсат бермеу
керек. Жұмыс істеп тұрған бұйымның жанында балалар мен жануарлардың
болуына жол бермеңіз.
4.5 Бұйымды осы нұсқаулықта аталғандардан басқа мақсаттар үшін
қолданбау керек. Бұйыммен жұмыс істеу, сақтау және күтім жасау осы
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң сәйкес жүргізілуі керек.
4.6 Бұйымды егер жану немесе жарылыс қаупі бар болса, мәселен тез
тұтанатын сұйықтықтардың немесе газдардың жанында қолданбаңыз.
4.7 Құралды егер ол қараусыз қалдырылған болса және құрастырудың,
бөлшектеудің немесе тазалаудың алдында әрдайым желіден ажыратып
отыру қажет. Сонымен бірге құралды кез келген ақаулықтар орын алған
жағдайда және жұмыс аяқталғаннан кейін желіден ажырату қажет.
4.8 Қуат беру баусымының және бұйымның бүтіндігін қадағалау қажет.
Бұйымды бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
4.9 Бұйымға қате қарау оның бұзылуына, қолданушыға немесе оның
мүлігіне зиян тигізуге әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.10 Бұйымның жұмысы кезінде жерге тұйықталған заттарға жанаспаңыз
(мәселен, құбыржолдарға, жылыту радиаторларына, газ плиталарына,
тоңазытқышқа).
4.11 Өнімдер тиелген электр құралын тасымалдауға тыйысм салынады.
Босқалпында тасымалдаңыз, суыған электр құралын егер мұндай құрылым
қарастырылған болса, арнайы тұтқадан ұстаңыз.
4.12 Аталған электр құралы қате пайдалану кезінде күйіп қалуға әкеліп
соқтыруы мүмкін жоғары температураларда жұмыс істейді. Егер құрал
желіге қосылған болса, немесе қолданудан кейін суынып үлгермесе,
құралдың ішкі бөліктеріне және қыздырғыш элементіне жанаспаңыз. Бумен
жанасудан аулақ болыңыз.
4.13 Құралды пайдалану кезінде су көзі мен ашық оттан алыста тегіс
орнықты бетті қолданыңыз.
4.14 Қуат беру баусымын қызу көзінен, майдан және өткір заттардан алыс
ұстаңыз.
KAZ
27
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Добавить комментарий