
KAZ
23
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
4.16 Электр құралын оны қос қолмен берік ұстай отырып, тасыңыз. Өнімдер
тиелген электр құралын тасымалдауға тыйысм салынады. Бос, суыған
электр құралын тасыңыз.
4.17 Аталған электр құралы қате пайдалану кезінде күйіп қалуға әкеліп
соқтыруы мүмкін жоғары температураларда жұмыс істейді. Егер құрал
желіге қосылған болса, немесе қолданудан кейін суынып үлгермеген
болса, құралдың ішкі бөліктеріне, қыздырғыш элементке және алынбалы
тостағанның ішкі беттеріне қол тигізбеңіз.
4.18 Құралды пайдалану кезінде су көзі мен ашық оттан алыста тегіс
орнықты бетті қолданыңыз.
4.19 Құралды көжені немесе басқа сұйық тағамдарды дайындау\ысыту
үшін қолдануға тыйым салынады.
4.20 Қуат беру баусымына және қуат беру баусымының ашасына дымқыл
қолдармен жанасуға тыйым салынады.
4.21 Құрал суға түсіп кеткен жағдайда ашаны электр розеткіден шығарумен
оны тез арада электр желісінен ажыратыңыз. Бұл ретте ешбір жағдайда
суға қолдарыңызды салмаңыз. Құралды одан әрі қолдану мәселесі бойынша
авторландырылған сервистік орталыққа жүгініңіз.
4.22 Саңылауларға немесе құрылғы бөлшектерінің арасындағы кеңістікке
бөгде заттарды қоймаңыз. Желдеткіш саңылаулардың бұғатталып
қалмауын қадағалаңыз. Құралды қабырғадан 30 см кем емес қашықтықта
орналастырыңыз.
4.23 Өнімнің ақаулары анық немесе күдікті болған жағдайда, өнімді диагно-
стикалау және жөндеу бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
4.24 Iшінде піскен нан өнімдері үшін қалыптарды қолдану кезінде оның
ыстықберік екендігіне және 220 градустан кем емес температураға
шыдайтындығына көз жеткізіңіз.
4.25 Дайындау уақытында желдеткіш саңылауларды жабуға тыйым са-
лынады. Күйіп қалуларға жол бермеу үшін дененің ашық учаскелерімен
желдеткіш саңылауларға жанаспаңыз.
4.26 Құралды қараусыз қалдырмаңыз.
4.27 Құралды тазалаудан кейін 30 минуттың ішінде суытыңыз.
4.28 Құралдың жұмысы кезінде картоп фри үшін кәрзеңкеге майды құюға
тыйым салынады.
4.29 Құралға бүлінулерге жол бермеу үшін қандай да болмасын заттарды
қоймаңыз.
4.30 Құралдың есікшесіне бірдеңені қоюға тыйым салынады. Бұл
бүлінулерге немесе басқа да қажетсіз салдарларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.31 Егер тағамды дайындау үшін қандай да болмасын ыдыс қолданылса,
ыдысқа май құймаңыз. Дайындау үшін ыдысты тек майлауға немесе ал-
дын-ала өнімдерді маймен араластыруға болады.
Добавить комментарий